1-желтоқсан күні Алматы қаласындағы ЛА-155/6 мекемесінде жазасын өтеп жүрген жасөспірімдер арасында Тұңғыш Президент күніне арналған мереке ұйымдастырылып, олар «Қазақстан-менің елім!», «Елбасына!», «Қазақ елі!», «Отаным-Қазақстан!» өлеңдерін шабыттана оқып, патриоттық әндер шырқады.
Салтанатты кешке ат салысқан Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы кітапхана қызметкерлері «Елбасы күні – елдікке құрмет!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мерекелік салтанат барысында ұйымдастырушылар Елбасы өмірінен қызықты деректер келтіріп, жазалы балаларды Тұңғыш Президенттің еңбек жолымен таныстырды.
Гүлнәр МАҒЗҰМОВА.