Қазақстан – өзінің құрамы жағынан көптеген этностар өмір сүретін бай мемлекет. Бүгінгі таңда Қазақ¬станда 130-дан астам этнос өкіл¬дері бірлігі мен ынтымағы жарасып өмір сүруде. Олардың тілі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанмен, жүрегі бір. Олар Қазақстанды туған Отаным санайды.
Қазақстан қашаннан ұлттар досты¬ғының алтын бесігі. Қазақстанда ұлтына, наным-сенімі мен білім деңгейіне қарамастан, адамдар бір-бірі¬не құрметпен қарайды. Біздің барлығы¬мызды бір құндылық біріктіреді. Бұл – тату-тәтті өмір сүруге деген құлшыныс. Осы құрмет сезімі бізге бір-бірімізге деген толерант¬тылық пен төзімділік сипатында болуы тиіс. Тағдырдың талай соқпағынан өткен еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толды. Сан ұлттың мекені болған мемлекетіміздің алар асуы алда. Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы, келешегі кемел.Әрдайым осы бірлігімізден айырылмай, татулығымыздан танбай, болашаққа бірге қадам баса берейік.
Біздің ортақ үйіміздің шаңырағы шайқалмасын. Ел тыныштығы бұзылмай, бейбіт елдің берекесі арта берсін!
М.Бабаева,
Мақтаарал ауданы тәжік этносының өкілі.