Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БІРЛІГІМІЗ МӘҢГІ ЖАСАСЫН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » БІРЛІГІМІЗ МӘҢГІ ЖАСАСЫН

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

БІРЛІГІМІЗ МӘҢГІ ЖАСАСЫН

Қазақстан – құшағы кең байтақ өлке. 130-дан астам этнос өкiлi бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiме айғақ. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Ұлтаралық қатынастың, халықтар достығының нығаюы, әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен дамып келе жатқан республика үшiн өте қажет. Бұл бағытта елiмiз егемендiк алғалы қыруар шаруалар жүзеге асырды және ары қарай да қолға алатын болады.
Бүгінде байтақ еліміздің әрбiр облысында түрлі этностардың мәдени орталықтары ашылған. Біздің өңірде тәжік, өзбек, әзірбайжан этномәдени орталықтары жұмыс жасайды. Этно мәдени орталықтардың өкілдері өңірімізде бейбітшілік пен достық, ұлтаралық келісім болуы үшін ары қарай да белсене жұмыс жасай береді. Осы орайда айта кетейiн, бiздер, Қазақстанда мекендеген этнос өкiлдерi қазақтың тiлiн мiндеттi түрде бiлуiмiз керек. Қиын-қыстау шақтарда басымызға пана болған, халқымызға сая болған қазақ халқының тiлiн бiлу, оған деген шексiз құрметiмiздiң бiр белгiсi болса керек. «Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады» деген атам қазақ. Демек, жүзі басқа – жүрегі бір, тілі басқа – тілегі бір ұлттар арасындағы татулықтың арқасында Мақтаарал өңірінде әлі де талай тындырымды шаралардың шымылдығы түріліп, тұсауы кесілері сөзсіз. Сөзімнің соңында достық пен ынтымақты ту етіп, бірлік пен татулықты жыр еткен барша Қазақстан халықтарының мызғымас достығы мен бірлігі мәңгі жасай берсін дегім келеді.

А.Наврузов,
Мақтаарал ауданы тәжік этносының өкілі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...

PEOPLE AND PLACES, SHOPS

Learning objectives(s) that this ...

САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту ...

НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ!

       Біздің ...