Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА "РӘМІЗДЕР АЛЛЕЯСЫ" АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА «РӘМІЗДЕР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА «РӘМІЗДЕР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

Ел іргесі бекіп, еркіндіктің таңы атқалы да 30 жыл. Тәуелсіздіктің алғашқы таңы атқан жылдары еліміздің еркіндігін айшықтап, мерейімізді өсіретін мемлекеттік рәміздеріміз қабылданды. Оған да міне 29 жыл.
 
Еліміздің елдігі мен еркіндігін айшықтайтын мемлекеттік Рәміздеріміз – Ту, Елбаңба, Әнұранымыздың қадірі мен қасиетін өскелең ұрпаққа кеңінен ұғындыру, насихаттау мақсатында Жетісай ауданында «Рәміздер аллеясы» ашылды.
 
«Тәуелсіздікке тарту» шарасы аясында қолданысқа берілген аллеяның салтанатты ашылу рәсіміне Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы мен ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Маханбетов, аудандық әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаева мен зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты.
 
«Тарих парақтарымен салмақтағанымен қас-қағым сәт болғанымен жеткен жетістіктеріміз ғасырға татырлық. Әлемдік ареналар мен спорттық олимпиадаларда көк байрағымыз желбіреп, Әнұранымыз шырқалуда. Бұл аяғынан тәй-тәй басқан Тәуелсіз жас мемлекет үшін үлкен мақтаныш. Елдігімізді айшықтайтын Рәміздерімізді өскелең ұрпаққа ұлықтау мақсатында ашылып отырған аллея баршаңызға құтты болсын!» деген аудан басшысы жұртшылықты ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен де құттықтады.
 
3 айдың ішінде іске қосылған аллеяда 14 метр биіктікте көңілдің кіршіксіздігі іспеттес тұғыры берік Туымыз желбіреп тұрса,  оның қос қапталында айбыны асқақ Әнұранымыз бен еліміздің тарихынан, тәуелсіздік жолындағы жанкештілік ерліктерінен сыр шертетін Елтаңбамыз орналасқан.
 
Салтанатты шара соңында аудандық «Жетісай» мәдениет үйінің өнерпаздары жұртшылыққа әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
 
Мереке қарсаңында ашылған «Рәміздер аллеясы» жастардың бойында тәлім-тәрбие мен патриоттық сезімді тәрбиелеп, молайтуға мол септігін тигізері анық.

Бауыржан НАЙМАНОВ,

Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...

PEOPLE AND PLACES, SHOPS

Learning objectives(s) that this ...

САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту ...

НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ!

       Біздің ...

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...