Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: ЖЕТІСАЙДА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: ЖЕТІСАЙДА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: ЖЕТІСАЙДА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жетісай ауданында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Заман талабына сай салынған заманауи үлгідегі білім ордасы №7 «Тұран» мектеп-гимназиясы деп аталады. Нысанның салтанатты ашылуына келген Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы мен Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Темір Қырықбаев, аудандық мәслихат хатшысы Әлихан Утанов пен мәслихат депутаттары Рүстем Наматуллаев, Гүлмира Саржанова, Эльмира Темірбаева мен «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов ұстаздар мен оқушыларды қуаныштарымен құттықтады.
 
Жетісай қаласы Дайрашев көшесі бойындағы 1200 орындық Тұран мектеп-гимназиясының құрылысы нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме «АСАД-Құрылыс» ЖШС. Нысан құрылысының конкурстық құны 1 237 787 мың теңгені құрайды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 басталып, тапсырыс беруші «Жетісай ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ болған уақыттарда 325 409 мың теңге қаржысы игерілген. 2021 жылға құрылыс жұмыстарына бюджеттен 112 378 мың теңге қаржысы қаралып, нысан ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында пайдалануға тапсырылып отыр.
 
Салтанатты лента қию рәсімінен кейін қонақтар мектепті аралап көрді. Сынып бөлмелерімен, ондағы оқу құралдарымен танысты. Стандартқа сай салынған спорт залындағы волейбол, баскетбол, үстел теннисі және футбол сынды спорт түрлері бойынша оқушыларға жасалған жағдайларды көзбен көрді.
 
Мектепте физика, химия, информатика кабинеттері, мултимедиялық және лингафондық кабинеттер соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталып, мектеп оқушыларының сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалған. Мұнда спорт залы, зертхана кабинеттері мен тігін шеберханасы да бар. Жаңа білім ғимаратының ашылғанына қуанған жетісайлықтар мемлекетке және осы игілікті іске күш жұмсаған барлық сала мамандарына өз алғыстарын білдірді.
 
Құрылысы 2019 жылы басталған білім ошағы қысқы демалыстан соң үшінші тоқсанда оқушыларды  білім нәрімен сусындатуға толықтай дайын.

Бауыржан НАЙМАНОВ,

Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...

PEOPLE AND PLACES, SHOPS

Learning objectives(s) that this ...

САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту ...

НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ!

       Біздің ...

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...