Биыл еліміздің егемен ел атанып, дербес мемлекет болғанына 30 жыл. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Экономикамыз бірнеше есе өсіп, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кірді. Қазақ елі әлемге танылды. Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы алғаш егемендік алған жылдармен салыстырғанда анағұрлым жақсарды.Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата-бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздік таңын аңсаған ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Елбасымыздың жүргізген парасатты да, көреген саясатының нәтижесі екені бәрімізге мәлім. Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүз отыздан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде этнос өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес. Біз осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық! Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін. Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Р.Юлдашева,
Мақтаарал ауданы тәжік этномәдени орталығы, Аналар кеңесінің төрайымы.