«Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың, өздеріңіздей елжанды ағаларымыздың қанымен, қайсарлығымен, аналарымыз бен қарындастарымыздың көз жасымен келген қасиетті құндылық. Бұл мереке бізге, міне, сонысымен де қымбат, қастерлі» деді Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай 1986 жылғы желтоқсаншылармен өткен жеке қабылдауында.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы аясында Шардара ауданындағы Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңына сәйкес, саяси қуғын-сүргіндердің құрбаны болып танылып, прокуратура органдары тарапынан ақталған 3 азамат – Мұхтар Сыдықов, Дүйсен Әлайдар мен Сапаралы Ахметовке Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Б.Қ.Сермаңызов, Шардара аудандық мәслихатының депутаттары Д.Т.Бектасов, Т.С.Жалғасбаевтың демеушілігімен 150 мың теңгеден жалпы көлемі 450 мың теңге бір реттік қаржылай жәрдемақы, ем-дом шараларын қабылдауға аудандық бюджет есебінен шипажайларға жолдама берілді. Мереке аясында мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев мереке аясындағы аудандағы желтоқсан оқиғасына қатысқан 28 шардаралықты аудандық «Абай» мәдениет үйінде өткен салтанатты іс-шарада аудан басшысының алғыс хаттарын табыс етті.
Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жоламан Тұрлыбековтың мәліметінше жыл басынан бері Түркістан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан ардагерлер үйіне 180 жоллама берілсе, қосымша жергілікті бюджет есебінен Сарыағаш шипажайына зейнеткерлер мен ардагерлерге 192 жолдама берілген.
Мұнан бөлек, «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» аясында аудандағы 123 жалғызілікті қарттарға қатты отын алуға 1 793 955 теңге, жүріп-тұруы қиын І топтағы 101 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 1 473 085 теңге, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын, әлеуметтік қызмет көрсетілетін мүмкіндігі шектеулі 126 балаға 1 837 710 теңге көлемінде біржолғы әлеуметік көмек көрсетілген.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Шардара ауданы.