Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ ҮШІН ҚҰРБАН БОЛҒАН ТАУ ТҰЛҒАҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ ҮШІН ҚҰРБАН БОЛҒАН ТАУ ТҰЛҒАҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ ҮШІН ҚҰРБАН БОЛҒАН ТАУ ТҰЛҒАҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

ХХ ғасырда қазақ ұлтындай қасірет шеккен халық жоқ. Өткен дәуірдің 20–30 жылдары қазақ даласына жантүршігерлік алапат болып келген ашаршылық, қуғын-сүргіннен мыңдаған адам жазықсыз жапа шекті.

Тәуелсіздік таңы атып, өз еркі өзіне тиген соң еліміз жоғын түгендеп, барын бағалауды кеңінен қолға алды. Елі үшін еңбек етіп, бар ғұмырын халқының болашағына арнаған 1937–1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргінді басынан өткізген «Алаш арыстарының» бірі Тұрар Рысқұловтың туғанына биыл 127 жыл толып отыр.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебінде «Алаш арысының» бюсті ашылды.

Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Шадияр Иманбердиев, бөлімнің әдістемелік кабинет меңгерушісі Разия Исаева, Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияров пен аудандық мәслихат депутаты Марат Қалдыбаевтың, зиялы қауым өкілдері мен мектеп директорларының қатысуымен өткен іс-шара қоғам қайраткерлерінің ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

ХХ ғасырдың басындағы күштеп ұжымдастырудың салдарынан болған қолдан жасалған ашаршылықта 2 миллионнан астам қазақ аштан қырылса, 1 миллионға жуық қандасымыз атажұртты тастап өзге елде бас сауғалады. Ал, елінің бас көтерер азаматтарына «ұлтшыл» деген айып тағылып, «халық жаулары» атанды. Итжеккенге жер аударылып, еңбекпен түзеу лагерлеріне жабылып, жазықсыздан-жазықсыз ату жазасына кесілді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының жарлары да, отбасылары мен туыстары да ауыр жазаға ұшырады. Бұның бәрі де қылышынан қам тамған кеңестік дәуірдегі солақай саясаттың кесірінен орын алды.

«Бұл ескерткішті осы мектепте оқитын бүлдіршіндеріміз өткенінен өнеге алып, Тәуелсіздіктің қадірін түсінсін, ұғынсын деген мақсатта орнаттық. Бұл іске мектеп ұжымы мен осы мектеп түлектері атсалысты» дейді Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебінің түлегі, аудандық мәслихат депутаты Марат Қалтұрсынұлы.

Ал, Сталиндік террорлық саясаттың салдарынан 101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңы атылып кете барса, бүгінгі таңда сол «халық жауларының» 40 мыңы ғана ақталды. Алайда, кеңестік дәуірдегі қазақ халқының тарихында орын алған қайғылы да қасіретті жылдар зардабы әлі күнге толық зерттеле қойған жоқ.

Шараны ұйымдастырып отырған Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебінің ұжымы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының 20–30 жылдарда туған халқын азаттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басшысы бола білген тұлғаның есімін ұлықтап, өмірі мен еңбектерін дәріптеу, Тәуелсіздік таңының оңай атпағандығын шәкірттерге түсіндіру және әрбір жастың жүрегіне ұлтжандылық пен қайсарлықты ұялату мақсатында ұйымдастырылып отырғандығын айтады.

Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...