Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын шығарып, бір жылда атқарылған жұмыс нәтижелеріне баға берді.

Жыл қорытындысына арналған жедел кеңесті Департамент бастығы әділет полковнигі Д.Т. Қанатбеков ашып, Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Ішкі істер министрлігінің шешімдерін іске асыруға бағытталған жұмыстардың тиімділігіне тоқталды.
«2021 жыл жалпы еліміздің Қылмыстық-атқару саласы үшін өзгерістерге толы жыл болды. Соның ішінде Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелері де Қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған “Жол картасы” бағдарламасын іске асыру аясында айтарлықтай жұмыстар атқарды.
Департаментке қарасты мекемелерде сотталғандардың құқықтық және ұстау жағдайын жақсарту, оларды жұмысқа орналастыру сияқты маңызды жұмыстар жүйелі жүргізілді. Ең бастысы – цифрландыруға және жүйенің ашықтығына бағытталған жұмыстардың тиімділігі бүгінде өз нәтижесін беруде»-деп атап өтті өз сөзінде Департамент бастығы Д.Қанатбеков.
Бір жыл ішіндегі жұмыстардың қорытындысы туралы баяндама жасаған Штаб бастығы әділет подполковнигі А. Есмағамбетова Департаментке қарасты мекемелерде барлығы 1420 адам ұсталынса, оның 1209-ы тергеу изоляторында, 211-і түзеу мекемелеріндегі сотталғандар екенін атап өтті. Баяндама барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын іске асыру бойынша қолданылып жатқан шаралар мен жеке құрамды және арнайы контингенттерді ревакцинациялау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударылды.
«Мекемелерде белгіленген жаза өтеу тәртібін сақтауға, сотталғандардың арасында құқықбұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған қажетті жұмыстар атқарылды.
Тыйым салынған заттардың мекемелерге кіру жолдарын жабу жұмыстары жандандырылып, соның нәтижесінде 33 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тыйым салынған заттардың арасында спирттік ішімдіктер мен есірткі заттары, ақша мен ұялы телефондар жиі тәркіленеді» деп атап өтті баяндамада Штаб бастығы А. Есмағамбетова.
Алматы қаласында бір жыл ішінде пробациялық бақылау есебінен 6239 сотталған өтіпті. Бүгінгі таңда есепте тұрғандар саны 2859 адам. Жыл ішінде Пробация қызметі жергілікті атқарушы органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып 5597 сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға көмек көрсеткен. Бұл туралы Пробация қызметінің бастығы М.А.Закирбаев баяндады.
Инженерлік-техникалык құралдар және байланыс тобының бас маманы әділет подполковнигі Е.Е. Изенбаевтың баяндамасында мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтудың арнайы бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар атап өтілді.
Жедел кеңес соңында Департамент бастығы ҚАЖ мекемелерінде өткен жылы жүргізілген жұмыстарды алдағы жылы да қарқынды түрде жалғастыруға және бірқатар қызмет түрін жандандыруға тапсырма берді.

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...