АУДАНДА ҚЫСҚЫ СОР ШАЮ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Posted by: Қалмұрат
in Ауыл шаруашылығы, Экономика
18/01/2022
11 Views
Мақтаарал ауданы бойынша жалпы 60,9 мың гектар егістік алқап бар. Оның ішінде 55667 гектар алқапта жер жырту жұмыстары жоспарланған болса, қазіргі таңда 50723 гектары жыртылған. Бұл жоспардың 91%-ы орындалғанын көрсетеді.
Ағын суды барынша үнемді әрі тиімді пайдалану мақсатында қысқы сор шаю жұмыстарын жүргізу үшін 27301 гектар егістік алқапта пал алу жұмыстары жүргізіліп, ауданның шаруалары қысқы сор шаю жұмыстарын бастап та кетті. Қазіргі таңда 3135 гектар алқап суарылып үлгерген.
Достық магистралды каналынан Мақтаарал ауданының егістік алқаптарына секундына 32 текше метр су келуде. Осы тұрақты көрсеткішті сақтай отырып қысқы сор шаю жұмыстарын наурыз айының алғашқы он күндігіне аяқтау жоспарланып отыр.
«Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» РММ-ің аудан бойынша берген картасына сәйкес, ауылдық округі бойынша суармалы жерлердің 1,4 мың га (2,1%) өте күшті, 3,4 мың га (5,3%) күшті, 16,3 мың га (2,6%) орта, 15,8 мың га (2,4%)шамалы тұзданған. Ал 26,6 мың га (41,7%) тұзданбаған жерлер болып саналады. Осыған байланысты біз ауылдық округтердің жер мамандарымен біргелікте бөлінген санат бойынша егістік алқаптарлдың кадастр нөмірін анықтап шықтық. Сондай-ақ, анықталған кадастр бойынша әр шаруаға жеке-жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жерді сорланудан сақтау үшін жасауы керек шаралар туралы айьыр жатырмыз» – деді кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Әлімқұл.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданының еңбекқор шаруалары қаңтардың әрбір сәтті күнін пайдаланып, қырыққабат пен қызылша егуді де бастап кетті.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
2022-01-18