Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

            Мақтаарал ауданында мақта майын шығаратын зауыт іске қосылды. Қазақстан мен Түркия елдерінің бірлесіп ашқан «Tulpar May» ЖШС-нің арқасында жылына 2,9 мың тонна мақта майы, 14 мың тонна шрот өндірілетін болады.
             Аудан әкімі Бақыт Асанов Мақтаарал ауылдық округі, Көкарал елдімекеніне арнайы барып, жаңадан ашылған өндіріс ошағының жұмысымен танысты. Жалпы инвестиция көлемі 2,1 миллиард теңгені құрайтын кәсіпорынның аумағы 0,27 гектарды құрайды.
            Зауытта 50-ге жуық адам жұмысқа қабылданған. Жылына 10 мың тонна мақтаны өңдеуге қауқарлы. Қазіргі таңда зауыттың құрал-жабдықтарын орнатудың соңғы сатылары жүзеге асуда.
            Мақта өсіретін өңір үшін мұндай кәсіпорындар көптеп керек. Өйткені, мақтааралдықтар ақ алтынын шикізат күйінде емес, дайын өнім күйінде еліміздің басқа өңірлеріне, шетелге сата алса – тұрғындар табысын еселей алады. Мақта майын шығаратын зауыттан бөлек, Түркия мемлекетімен бірге жіп иіретін текстиль фабрикасын іске қосу да жоспарланып отыр.
             2021-2024 жылдары Мақтаарал ауданында шетелден тікелей инвестиция тарту бағытында жалпы көлемі 10,8  миллиард теңгені құрайтын 5 ірі жоба іске асырылуда.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...