Жуырда Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков төрағалық еткен жиынға Мақтаарал ауданы прокуратурасының аға прокуроры Н.Талипов, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері және бекітілген кестеге сәйкес мектеп директорлары қатысты.
Комиссия отырысында 2022 жылға арналған жұмыс жоспары және өзге де мәселелер талқыланды.
Мақтаарал ауданы әкімідігінің баспасөз қызметі.