Мақтаарал ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 31 қаңтарында мекемеаралық мәжіліс өтті.
Жиынға аудан әкімдігі қызметкерлері, полиция бөлімі инспекторлары, кент, ауылдық округі әкімдері және білім беру ұйымдары басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасының жағдайы және аудан аумағындағы қылмыстылық деңгейі, олардың адын алу бойынша жұмыстарының тиімділігін талқылау, оның ішінде аудан аумағында алаяқтық, мал ұрлығы және бұзақылық қылмыстардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстыр пысықталды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасының жағдайы бойынша баяндамашылардың ұсынысы назарға алынып, құзырлы органдарға нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, екінші мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар және БАҚ өкілдерімен біргелікте аудан аумағында білім беру ұйымдарында алаяқтық мәселесі бойынша және елдімекендерде мал ұрлығы, жол жүрісі ережесі тақырыбында құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырмалар беріліп, нақты орындау мерзімдері бекітілді.
Бұдан бөлек, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарға алаяқтық қылмыстарының алдын алу бойынша аудан тұрғындарына жүйелі түрде түсіндіру профилактикалық жұмытстарн жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрылатын болды.
Айта кетейік, аудан тұрғындары кез келген алаяқтық деректері бойынша 8 702 505 03 04, 8701 700 60 13 сенім телефондарына хабарласу мүмкіндігі бар екенін хабарлаймыз.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.