Ағымдағы жылдың 7-сі мен – 13-ші ақпан аралығында республикамызда «Профилактикалық бақылау» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде. Осы іс-шараның аясында өңірімізде де аудандық Пробация қызметі, ЖПҚ -нің учаскелік инспекторларымен бірлесе отырып тиісті жұмыстар жүргізуде.
Бұл жерде тек есепте тұрған сотты болғандармен белгіленген ереже ойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп ғана қоймайды. Сонымен бірге қоғамымызда олар туралы жағымды пікір қалыптастыру үшін де тиісті жұмыстар да жүргізілуде. Сол мақсатта БАҚ беттерінде материалдар жарияланады. Сондай-ақ, қажеттілік туындаса телеарналарда да, бейнероликтер ұсыну жағы да ойластырылуда. Бұндағы мақсат, қарапайым халыққа – профилактикалық есепте тұрған азаматтардың да өздері секілді адамдар екенін көрсету. Оларға тезірек түзу жолға түсіп, қоғамымыздың лайықты азаматы болуына сеп болуға шақыру.
Елімізде бүгіпгі таңда профилактикалық есепте тұрған азаматтарда, мемлекетіміздің кез-келген тұрғынына тиесілі көптеген құқықтарға ие. Олар да тиімді жұмыстарға орналасуға, қажетті жоғары немесе орта арнаулы білім алуға, нарықта сұранысқа ие мамандықтарға оқуға, тегін медициналық көмек алуға құқылы. Ең бастысы оларда өз қателіктерінен сабақ алып, түзелуге деген ниеттері болуы қажет.
С.ОРАЗӘЛІ.
Жетісай аудандық пробация
қызметі бөлімінің инспекторы, әділет аға лейтенанты.