Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы Тергеу изоляторына жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың көптеп жеткізілгені белгілі.
Олардың арасында жарақат алғандар да көп болды. Осы кезде Тергеу изоляторының дәрігерлеріне Алматы қаласындағы ауруханалардың білікті дәрігерлері көмекке келді.
«Жуырда Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы осындай қиын кезеңде ЛА-155/18 мекемесіне жеткізілген жаралы күдіктілерді тексеру мен емдеу ісіне белсене араласқан № 4 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне Алғыс хат тапсырып, ризашылықтарын білдірді»-деп хабарлайды ЛА-155/18 мекемесі бастығының орынбасары әділет полковнигі М.Кәкімжанов.
Атап айтқанда жоғары дәрежелі дәрігер-хирург, PhD дәрігер Айдар Дүйсенұлы Раимханов, дәрігер-хирург Сұнғат Мұратұлы Өтеген, травматолог ортопед Еркебұлан Мұхамедиярұлы Әбілда, медицина қызметкерлері Азизов Ринат Ағабекұлы Азизов пен Юрий Васильевич Лотош осындай марапатқа ие болды.
Дәрігерлерді марапаттау салтанатына Алматы қаласы прокуратурасының өкілі Д.Салимов қатысты.
Гүлнар МАҒЗҰМОВА.