Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЗПОШТА БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЗПОШТА БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ

ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЗПОШТА БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ

             EGov mobile қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінің арқасында «Қазпошта» АҚ клиенттері енді жеке басын куәландыратын құжаттың цифрлық аналогы бойынша сәлемдемелерді қабылдап, жібере алады.
         «Қазпошта» АҚ клиенттері еліміздегі барлық бөлімшелерде сәлемдемелерді қабылдау және жөнелту кезінде цифрлық жеке куәліктерді пайдалана алады. Жоба Қазпоштаның пошта қызметтері үшін пилоттық режимде іске қосылды.
Жаңа қызметті пайдалану үшін:
  • eGov mobile мобильдік қосымшасында авторизациядан өту;
  • «Қызметтер» бөліміндегі «Цифрлық құжаттарды таңдау»;
  • Қажет құжатты таңдаңыз;
  • Құжатқа «Қол жеткізуді ашу» түймесін басу;
  • «Казпошта» АҚ операторына алты таңбалы қысқа кодты хабарлау қажет.
Операторлар өздерінің деректер базасына бірегей қысқа кодты және жүйе клиенттің жеке басын куәландыратын құжатты автоматты түрде жүктейді.
          Клиентті сәйкестендірудің бұл механизмі жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және үшінші тараптардан түскен алаяқтықтың алдын алады.
         «Цифрлық құжаттар» сервисі азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие, бүгінгі таңда пайдаланушылар саны 6,4  млн. адамды құрайды. Бұл сан күн сайын өсіп келеді және біз бұл қызметті өмірдің барлық салаларына енгізуге тырысамыз. Енді «Қазпошта» клиенттерінің де осы ыңғайлы сервисті пайдалану мүмкіндігі бар. Біз цифрлық трансформация азаматтар үшін де, бизнес үшін де көптеген бизнес-процестерді жақсартып, жеңілдеткеніне қуаныштымыз»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
         Цифрлық құжаттарды пайдалану ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Қазпошта» АҚ ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың арқасында мүмкін болды.
          «Сервис арқасында «Қазпошта» клиенттерінің бөлімшелерінде жеке деректерді растау үшін eGov mobile қосымшасы арқылы жеке басын куәландыратын цифрлық құжатты көрсету мүмкіндігі пайда болады. Бұл біздің клиенттерімізге сәлемдемелерді қабылдауды және беруді айтарлықтай жеңілдетеді, өйткені көбінесе барлық клиенттер бөлімшеге жеке куәліктің түпнұсқасымен келмейді, ал смартфон әрқашан «қол астында» болады. Сонымен қатар, цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкіндігін енгізумен «Қазпоштаға» жеке куәліктердің көшірмелерін алудың және сақтаудың қажеті жоқ, бұл қағаз матердарының шығынын айтарлықтай оңтайландырады»,- деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Серік Саудабаев.
         Атап өткен жөн, қазіргі уақытта eGov mobile мобильдік қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі 18 құжаттан тұрады, олардың ішіндегі ең танымалдары: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік.
                 Бүгінгі таңда цифрлық құжаттарды еліміздің барлық әуежайларында, «ҚТЖ» АҚ теміржол вокзалдарында вагондарға отырғызу кезінде, «Отбасы Банк» АҚ, Beeline бөлімшелерінде, сондай-ақ ЕДБ мен нотариустардан қызмет алу кезінде пайдалануға болады.
          Анықтама: Цифрлық құжат – цифрлық құжаттар сервисі қалыптастыратын, мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қажетті электрондық құжат. «Цифрлық құжаттар» сервисі жеке басты куәландыратын құжат түпнұсқасының электрондық нұсқасын тікелей пайдалануды көздейді, бұл азаматтарға басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қандай да бір қызметтер көрсету үшін (мысалы, әуе және т/ж билеттерін сатып алу кезінде және т.б.) электрондық құжатты ұсынуға мүмкіндік береді.
 «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...