АЙТАР АЛҒЫСЫМЫЗ КӨП БОЛСЫН!
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам
02/03/2022
33 Views
Құрметті қазақстандықтар, аудан тұрғындары!!!
Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елімізде 1 наурыз – «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі. Біз осы құндылықтардың арқасында түрлі сынақтардан сүрінбей өттік. Тәуелсіздігіміздің арқасында толағай табыстарға қол жеткіздік.
Қазіргі таңда Қазақстанда тұрып жатқан 130 дан астам этнос өкілдері бір атаның баласындай егемен елімізді дамытуға, бейбітшілікті, татулық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда. Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын.
Еліміз өркендеп, бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымағы мен бірлігіміз нығая түсіп, достық, бірлік мәңгі жасай берсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын! 1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен!
Асан Сапарбекұлы Ботабеков,
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Мақтаарал аудандық филиалының басшысы.
2022-03-02