АУДАНДА АУЫЗ СУДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет, Денсаулық
26/02/2022
16 Views
Жетісай аудандағы қала, кент және ауылдық округтерге қарасты 113 елді мекенің 103 елді мекені орталықтандырылғын ауыз сумен қамтылған болса, оның 75-інде 24 сағат ауыз су берілуде. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің берген мәліметіне сәйкес бүгінде ауданда 83 дана ауыз су ұңғысы, 85 су мұнарасы, 24 су сақтағыш және санитарлық қорғау аймақтары жұмыс істеп тұр.
Өткен жылы жылы жергілікті қазынадан қаралған 158,7 млн теңгеге Жетісай қаласы мен 8 елді мекенің ауыз су мұнараларымен ауыз су құбырлары жаңартылып, пайдалануға берілді.
Одан бөлек, облыстық бюджет есебінен ағымдағы жылға өтпелі Мақталы ауылдық округіне қарасты Мақталы елді мекенінің ауыз су жүйелерінің құрылысы басталса, республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға Жетісай топтасқан су өткізгішіне қосылған Жылы су ауылдық округінің Жылы су, Мырзашоқы, Байқоныс, Баққоныс, Әл-Фараби елді мекендерін сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген.
Ал, өткен жылы басталған сметалық құны 3 109,243 млн теңгені құрайтын Жетісай қаласын ауыз сумен жабдықтау жүйесін қайта құру жұмыстарын жүргізіп отырған мердігер «СтройЖолСервис Kz» ЖШС бекітілген кестеге сәйкес жұмыс жүргізіп келеді.
«Ж.Ералиев ауылдық округінің Сейфуллин елді мекені мен Қазыбек би ауылдық округінің Құрбан ата елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру құрылысы жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 10 млн теңге қаржы қаралса, Жаңа ауыл ауылдық округі Жаңа ауыл, Ынтымақ, Қарой, Атақоныс елді мекендерін Жетісай топтасқан су жүйесіне қосу мақсатында жобалау сметалық құжаттамаларына жергілікті бюджеттен 13,5 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды» дейді Жетісай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мырзабек Әбішев.
Сонымен қатар, ауданда Атакент-Асықата-Көктөбе магистральды ауыз су құбырын жүргізу мақсатында техника экономикалық негіздеме әзірлеу жұмыстарын бастау үшін жергілікті бюджеттен 500 мың теңге бөлініп, тисті жұмыстар жүргізілуде.
Б.НАЙМАНОВ.
2022-02-26