Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АҒЫН СУ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН МОЛ ӨНІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ТӘСІЛДЕРІН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » АҒЫН СУ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН МОЛ ӨНІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ТӘСІЛДЕРІН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ

АҒЫН СУ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН МОЛ ӨНІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ТӘСІЛДЕРІН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ

            Ерте көктемнен егістіктің басынан табылатын жетісайлық шаруалардың дер кезінде егінін егіп, мол өнім алулары үшін қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жергілікті билік күн тәртібінен түсірген емес. Заманауи техникалардың көмегімен мамандардың сынақтан өткен тәсілдерін көрсетіп, ғалымдардың нұсқаулықтарын ұғындыру мақсатында кезекті семинар болып өтті.
         Әдеттегідей әкімдік ғимаратында емес, егістік басында ұйымдастырылған семинарға Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы мен аудан әкімінің орынбасары Асан Махамбетов, ауылдық округ әкімдері мен жер мамандары, ірі шаруа қожалықтар мен кооператив төрағалары, мақта ғылыми-зерттеу институның ғалымдары қатысты. Мақсат – лазерлі тегістегіш жаңа технологиялық тәсілдерін қолдана отырып шаруаларға ағын суды үнемдеу мен мақтаның «Мақтаарал-5027» жаңа тұқымының тиімділігін таныстыру болды.
         Бірнеше жылдан бері лазерлі тегістегіш тәсілін қолданып, ағын суды үнемдеумен қатар мақта дақылынан мол өнім алып келе жатқан «Нұралы жол – Ж» шаруа қожалығының төрағасы Ербол Ералиев жобаның тиімділігін түсіндірді.
        «Лазерлі тегістегіш тәсілін қолданған соңғы 3 жылда жер айдауды тоқтатқанбыз. Жерді тегістеп, 2-3 мәрте алатын жазғы суымызды да бір-ақ рет аламыз.
        Қысқы сор шаю жұмыстарын жүргізу кезінде жерді 70-80 см дейін терең қопсытып, биіктігін 10-15 см су қоямыз. Бұған дейін қысқы сор шаю жұмыстары кезінде гектарына 8 текше метрге дейін ағын су алып келсек, қазір гектарына 3,5-4 текше метр ғана су пайдаланамыз. Мұндай әдісті 7-8 жылда бір қолдану керек» дейді Ербол Ералиев.
       Сонымен қатар, семинар барысында мақта зиянкестеріне төзімді «Мақтаарал-5027» жаңа сортының таныстырылымы өтті. Мамандардың айтуынша 117-119 күнде пісетін дақылдың өнімділігі гектарына 42-45 центнерді құраса, талшық шығымдылығы 38,7%.
         Жаңа сортты айналымға енгізу арқылы мақтаның аса қауіпті зиянкестеріне қарсы 2-3 реттік өңдеудің орташа шығыны әр гектарына 50 мың теңгені құрап, мақта егістігіне шаққанда 6 млрд теңге қаржыны үнемдеуге, сорттың ерекшелігіне байланысты мақта өнімділігін арттыра отырып қосымша табысты агротехникалық шараларсыз гектарына 160 мың теңгеге жеткізуге болатынын айтқан ғалымдар мақтаның орташа егіс көлемі 120 мың гектар болған жағдайда экономикалық тиімділік 25,2 млрд теңгеге жетеді деген болжам жасап отыр.
         «Негізгі табысы ауыл шаруашылығы саналатын Жетісай ауданында бүгінде элиталы тұқымдарды көбейтетін 4 шаруашылық бар. Олар мақта ғылыми-зерттеу станциясының шығарған жаңа сорттарын көбейтумен айналысады.
       Алдын ала жасалған болжам бойынша жетісайлықтардың өзіне сақтандыру фондын қоса есептегенде 1800 тонна тұқымдық шит керек. Оның 70 пайызға жуығы дайын.
       Өз ауданымыздың сұранысынан бөлек көршілес аудан шаруаларының да қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отырмыз» дейді Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Махамбетов.
            Айта кетейік, жаңа технологиялық тәсілді таныстырып, қажет болған жағдайда түсіндіруге, жұмыс жасау ережелерін үйретуге дайын екенін айтқан Ербол Ералиев басшылығындағы «Нұралы жол-Ж» шаруа қожалығының иелегінде 497 гектар егістік жер бар. 56 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отырған қожалық биылғы жылға 200 гектарға мақта, 180 гектарға бақша дақылдарын, 81 гектарға жоңышқа мен 36 гектарға дәндік жүгері егуді жоспарлап отыр.
Б.НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...