Жер Сағаты 2022 Қазақстан
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Хабарландыру, Экология
10/03/2022
59 Views
11 наурызда сағат 11: 00-де «Жер Сағаты 2022 Қазақстан» халықаралық экологиялық акциясына арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Конференция «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ Қазақстандағы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен (WWF) және «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ бірлесіп ұйымдастырылды.
«Жер сағаты» акциясы — бұл табиғатқа ұқыпты қарауға, планетамыздың климатын сақтауда батыл шараларға және оның шектеулі ресурстарына қамқорлық жасауға бағытталған ғаламшардағы ең ауқымды экологиялық акция. Оған бүкіл әлем бойынша 2,5 млрд.астам адам қатысады, акцияға 175 елден 7000 қаланың тұрғындары қосылады.
Акция бүкіл әлемде 2007 жылдан бастап Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен өткізіліп келеді. Қазақстан оған 2009 жылы еріктілердің қолдауымен қосылды. 2022 жылы бұл акция 15-ші рет, Қазақстанда 13-ші рет өткізіледі. Осы жылы акция 26 наурызда 20:30-дан 21:30-ға дейін өтеді.
Акцияның негізгі мақсаты – біздің планетамыздың табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару. Жыл сайын акцияға қатысушы барлық елдер ең өзекті, ең өткір экологиялық тақырыптарды көтеруде. Қазақстандағы «Жер сағаты» және экологиялық тақырып туралы WWF Орталық Азия бағдарламасының директоры-Григорий Мазманянц, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы – Айгүл Соловьева, Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры – Ақзан Ширанов, «Жасыл» экономиканы қолдау мен G – Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ бас менеджері – Асыл Оқапова толығырақ айтып береді.
Іс-шараның өтетін күні: 2022 жылғы 11 наурыз, басталуы 11:00 (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша). Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 10, 31-қабат (Брифинг Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өтеді). БАҚ аккредитациясы: Меруерт Абдалиева-8 778 456 09 99, meruert_1968@mail.ru
2022-03-10