АНАЛАРДЫ АРДАҚТАДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Билік, Құттықтау, Мерекелік шара
06/03/2022
19 Views
Жетісай ауданына қарасты «Жаңа ауыл» ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияров отбасымен бірге ғасыр жасаған қарияларды мерекесімен құттықтап, ақ батасын алды.
«Жаңа ауыл» ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияров а,аларымыздың төл мерекесіне орай «Ынтымақ» елді мекенінің қадірлі тұрғындары – 103 жасқа толған Баймұратова Айсара және Байғабекова Үрімай атты ақ жаулықты аналарымыздың отбасыларына арнайы барып, мерекемен шын жүректен құттықтады.
1919 жылы дүние есігін ашқан Айсара апамыз балалар үйінен тәрбиеленіп шығып, Ұлы Отан және Жапон соғысына қатысқан. Ал соғыстан кейінгі жылдары, тың және тыңайған жерлерді игеруге белсене атсалысып, тіпті канал да қазған. Отбасын құрып 3 қыз, 2 ұл тәрбилеп өсіріп, олардан бүгінде 40 астам немере және 4 шөпшек көріп отыр. Анамыздың 2 қызы және 2 келіні «Батыр ана» атанған.
Байғабекова Үрімай анамызда кезінде еңбекке ерте араласып, тың игеру жұмыстарына да белсене қатысқан, 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан 40-тан астам немере, шөбере, шөпшек сүйіп, балаларының арасында бақытты ғұмыр кешуде.
– Жүз жастан асқан кейуаналардың ауылына келіп, ақ батасын алу сәті түсті. Аға ұрпақтың қайтпас қайсарлығы мен төзімділігі — бізге үлгі. Соғыс пен аштықты, жоқшылықты көрген алдыңғы буын аға-апаларымыз — нағыз темір адамдар. Бізді бейбіт күнге жеткізген, бар өмірін еңбекке арнаған жандардың алдында қашанда бас иеміз, – деді ауыл әкімі Н. Бахтияров өзінің мерекелік құттықтау сөзінде.
Б.НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.
2022-03-06