Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
EGOV MOBILE МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ЖАҢА НҰСҚАСЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » EGOV MOBILE МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ЖАҢА НҰСҚАСЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ

EGOV MOBILE МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ЖАҢА НҰСҚАСЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ

          Egov mobile мобильдік қосымшасын пайдаланушыларына жаңартылған интерфейс, жеке тұлғаларға арналған Е-license қызметтері, кері байланыстың ыңғайлы түрі қолжетімді болды. Мобильді қосымшаның жаңа нұсқасына eGov.kz порталының сұранысқа ие 20 мемлекеттік қызметі қосылды.
          Бүгінде мемлекеттік қызметтерді eGov mobile мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, телефондағы бірнеше тетікті басу арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді алу уақытын үнемдеу және цифрлық форматқа көшу үшін eGov Mobile функциялары мен мүмкіндіктері де кеңейтілді.
         Egov mobile қосымшасында қазірдің өзінде 400-ге жуық мемлекеттік онлайн-қызмет пен сервис қолжетімді, 2022 жылдың соңына дейін барлық мемлекеттік қызметтерді 80% – ға дейін «смартфондау» жоспарлануда.
        Жаңартылған дизайнмен қоса «Цифрлық құжаттар» сервисіне ЭЦҚ кілті арқылы авторизациядан өткен жағдайда Интернетке қосылмай-ақ пайдалану мүмкіндігі пайда болды.
        Бүгінде eGov mobile мобильдік қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі 18 құжаттан (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік және т.б.) тұрады.
           «Egov mobile мобильді қосымшасы азаматтар арасында сұранысқа ие және қажетті құжаттарды өзімен бірге «телефонда» алып жүруге  мүмкіндік береді. Іске қосылған сәттен бастап тек «Цифрлық құжаттар» сервисін 47 миллионнан астам рет пайдаланылды. Бүгін біз пайдаланушылар бағалай алатын жаңа және ыңғайлы интерфейс жасадық. Осыған дейін ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өткен қолданушылар Цифрлық құжаттарды Интернет болмаған жағдайда пайдалана алады, енді бұл қызмет оларға әрқашан қолжетімді»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
          Қосымшаның жаңа нұсқасына eGov.kz порталының 20-дан астам мемлекеттік қызметі қосылды, олардың ішінде: ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау бойынша анықтама беру, қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру, ҰОС қатысушыларына куәліктер беру және т.б.
          Азаматтарға ыңғайлы болу үшін белгілі бір тақырып бойынша пайдалы ақпарат жиынтығынан құралған «Өмірлік жағдайлар» жаңа бөлімі қосылды. Бұл сервис азаматтарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуға өтінім беру және ақпаратты іздеу үшін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
            Цифрлық құжатта қате мәліметтер анықталған жағдайда «қате туралы хабарлау» батырмасын басып, e-Otinish арқылы тиісті мемлекеттік органға өтініш беру тетігі пайда болды.
          Ең маңызды жаңарту: жеке тұлғаларға Е-license порталының 250-ден астам қызметін алу мүмкіндігі пайда болды, олар: жеке кәсіпкер ретінде қызметінің болуы туралы хабарлама, жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту және карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шақыруға фитосанитариялық сертификат беру.
           «Биылғы жылы «ҰАТ»  АҚ командасы мемлекеттік қызметтер мен сервистерді 80%-ға дейін «смартфондауды» жоспарлап отыр. Сондай-ақ, мемлекет Басшысының құжаттар айналымындағы қағазбастылықты азайту тапсырмасы шеңберінде «Цифрлық мәліметтер» сервисін іске асыру жоспарда бар, онда азаматтар анықтамаларды неғұрлым ыңғайлы тәсілмен ал алады және анықтаманы талап етілген жердегі электрондық пошта, мессенджер немесе QR код арқылы жібереді, енді қағаз түрінде басып шығарудың қажеттілігі болмайды», – деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
         Egov mobile мобильдік қосымшасының жаңа нұсқасы iOS жүйесінің пайдаланушылары үшін App Store платформасында, сондай-ақ Android жүйесінің пайдланушыларына Play Market және App Gallery қолжетімді.
         Аталмыш жаңартулар ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асты.
 Анықтама үшін:
         Цифрлық құжат – цифрлық құжаттар сервисі қалыптастыратын, мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қажетті электрондық құжат. «Цифрлық құжаттар» сервисі жеке басты куәландыратын құжат түпнұсқасының электрондық нұсқасын тікелей пайдалануды көздейді, бұл азаматтарға басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қандай да бір қызметтер көрсету үшін (мысалы, әуе және т/ж билеттерін сатып алу кезінде және т.б.) электрондық құжатты ұсынуға мүмкіндік береді.
          Бүгінде цифрлық құжаттарды еліміздің барлық әуежайларында, «ҚТЖ» АҚ теміржол вокзалдарында вагондарға отырғызу кезінде, «Отбасы Банк» АҚ бөлімшелерінде, Beeline ұялы байланыс операторында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен нотариустардан қызмет алу кезінде пайдалануға болады.
 «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz
            Анықтама үшін: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
           Толық ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласыңыз: Динара Мажитова press@nitec.kz; +7 (7172) 701665 іш. 6104

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...