Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ ДАРА ЫРЫСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ ДАРА ЫРЫСЫ

ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ ДАРА ЫРЫСЫ

            Жуырда біздің  кітапханамызда Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектептің 9 сынып оқушыларымен бірге,  халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Қазақ прозасының дара ырысы» атты тақырыпта  шағын оқырмандар конференциясы болып өтті. Бұл іс-шарада Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романы жан-жақты талқыланды.
           1974 жылы жарыққа шыққан бұл роман –  ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген. Үш бөлім және жиырма төрт тараудан тұрады, онда тоқсанға жуық образ бар. Әрқайсысына жеке-жеке мінездеме берілген. Романдағы бас кейіпкер  Есеней – қалың КерейУақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы биі, атақты байы. Ол Шыңғыспен партиялық сайлауда таласса, тең түсетін өткір сөзді, алып денелі, қара нар іспеттес қайраткер. Жасында жауынгер, найзагер батыр да болған. Ал Ұлпан  – аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық, тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Сөзге шешен, ақылды да, батыл қыз болып өскен Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін ашық, нақты жеткізетін болған. кең пейілді, адамгершілігі мол Ұлпан  Сибан елінің кедей-кепшігіне қол ұшын беретін әйел.
         Оқырмандар конференциясында осы сыныптың оқушылары – Журабай Ақерке, Хайрулла Динара, Сәкен Қазына, Шахабай Өмірзақ, Халил Нұрбол, Қошқарбай Нұрсұлтан, Юсупова Сахабаттар белсенділік танытты. Олар «Ұлпан» романынан үзінділер оқып ғана қоймай, ондағы басты кейіпкерлер туралы жан-жақты айтып берді. Рухани мағызы ерекше осы іс-шараның соңында үздіктерге Алғыс хаттар табысталды.
Шамшат АЛТЫНБЕКОВА,
Достық а/о.,Достық ауылы филиал № 1 кітапханасының меңгерушісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...