Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

           «Қазгидромет» РМК-ның 2022 жылғы 10 наурыздағы ҚҚ №6 дауылды ескертуінде ағымдағы жылғы 11-12 наурызда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтілетіндігі жөнінде хабарлама берген. Осыған байланысты 2022 жылдың 11 наурыз күні Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі және Азаматтық қорғау құрылымдарының қатысуында комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.
          Мәжіліс барысында ықтимал су басудың алдын алу мақсатында аудандық 15 (он бес) Азаматтық қорғау құрылымдарының 286 жеке құрамы, 134 арнайы техникалары, 206 құрал-жабдықтары пысықталып,  барлығы дайындыққа келтіріліп, арнайы штаб құрылып, ауданның әкімшілік-аумақтық бірліктеріндегі жағдай бақылауда ұсталды.
        2022 жылдың 12 наурыз күні Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында штаб отырысы өткізіліп, ағымдағы жағдайлар жан-жақты талқыланып, бағыттық кезек күттірмейтін жұмыстарды атқару үшін тапсырмалар берілді.
2022 жылдың 12 наурыз күні сағат 07:45 уақыт шамасында Бірлік ауылдық округіне қарасты егістік алқаптардың сор шаюдың ағын сулары мен толассыз жауған жаңбырдың сулары №32 «БАТЫС» коллекторына толып, ернеуінен асып кетуіне байланысты Атакент кентіне су басу қауіпі туындады.
         Жергілікті жерге аудан әкімдігінің және аудандық төтенше жағдайлар мен Азаматтық қорғаудың инженерлік құрылымының арнайы техникалары (15 жеке құрам, 6 техника) шұғыл жетіп,  К-18 каналы мен коллекторлар аралығындағы 100 метр жері қазылып, жинақталған сулар №43 «ШЫҒЫС» коллекторына тасталды. Мақтаарал аудандық шекара басқарамсының келісімімен Өзбекстан Республикасымен шектесетін шекараның бейтарап (нейтральный) аумағындағы  №43 «ШЫҒЫС» коллекторының екі жағында орнатылған темір торлары (сетка) алынып, су өткізгіш қабілетті арттырылды. Сонымен қатар, Атакент кентінің (белый школ) егістік алқаптардың аяқ жағынан 2 дана өнімділігі сағатына 100 текше метр су сорғы насостар орнатылып, К-18 каналына тасталуда. Қазіргі таңда кент аумағында жинақталған  су деңгейі төмендеп келеді.
        2022 жылдың 12 наурыз күні қатты жауын-шашын салдарынан Атакент кенті, Мақтарал, Ж.Нұрлыбаев, Достық, Жаңажол, Жамбыл ауылдық округтері аумағында жер асты суы деңгейі көтеріліп, бірнеше үйлердің ауласына су толғандығы жөнінде аудандық №20, №21 өрт сөндіру бекеттерінің байланыс бөліміне тұрғындардан хабарлама түскен. Аталған хабарламалар бойынша жергілікті атқарушы және төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері тарапынан аумақтан су сорып шығару жұмыстары жүргізілуде.
          Қазіргі таңда аудандық өрт сөндіру бөлімі мен бекеттерінің, жергілікті ауыл әкімдіктердің ұйымдастыруымен 60-қа жуық су сорғыштар көшелер мен үйдің аулаларына толған суды шығару жұмыстарымен айналысуда. Сонымен қатар, көшелерді, үйлердің аулаларын су басу фактісіне байланысты аудан әкімдігінің ЖЕДЕЛ ЖЕЛІСІ іске қосылып, тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар атқарылуда.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...