МИНИСТРЛІК ОҚУ ЖЫЛЫН ҰЗАРТУҒА ҚАТЫСТЫ ПІКІРІН БІЛДІРДІ
Posted by: Қалмұрат
in Білім саласы, Жас буын, Қоғам
14/03/2022
42 Views
Білім және ғылым министрлігі оқу жылын ұзарту туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде «Binom мектептерінің» мұғалімдері білім беру жүйесін және алдыңғы қатарлы елдерден артта қалу себебін қайта қарастырып жатыр. Ол Қытай мен Кореяда оқушылардың оқуы 42 аптаға, Сингапурда 39 аптаға созылатынын түсіндірді. Ал Қазақстанда – 34 апта. Яғни, Кореяда оқушылар демалысы 70 күнге созылса, қазақстандық оқушылар 120 күн демалады.
«Осылайша біз жыл сайын оқудың 1-1,5 айын жоғалтамыз. Сонымен қатар, америкалық ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, балалар ұзақ жазғы демалыс салдарынан өткен барлық материалдың 25%-ін ұмытып қалады. Сондықтан біз оқу жылын кем дегенде 38 аптаға дейін ұзартуды ұсындық. Білім министрлігі бұл бастаманы қолдап, регламент келісіліп жатыр. Биыл «Binom мектептерінде» пилотты бастаймыз», – деп жазды Рахымбаев Facebook парақшасында.
Рахымбаев премьер-министр каникулды қысқарту бойынша Binom мектептерінде пилоттық жобаны жедел іске қосуды тапсырғанын хабарлады. Ол сәтті жүзеге асырылған жағдайда жоба елдің басқа мектептерінде де қолға алынады.
Аида НУРАДИНОВА,
11 «Б» сынып оқушысы, 65-мектеп гимназиясы,
Нұр-Сұлтан қаласы.
2022-03-14