Шымкет қалалық №1 пробация бөлім инспекторлары 14-23 наурыз аралығында Шымкент қаласында “Пробация” республикалық алдын алу іс-шара жергілікті участкелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп өткізуде.
Шараның мақсаты – пробация қызметтерінің есебінде тұрған қоғамнан оқшалауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын алу, сондай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін аңықтау.
Шара жоғары деңгейде, белгіленген кестеге сәйкес өткізілуде. Біздің есебімізде тұрған азаматтарға оның мақсаты толық түсіндірілгендіктен, олар бұған түсіністікпен қарап, біздің сұрақтарымызға толыққанды жауап беруде. Соның нәтижесінде әзірге заң бұзушылықтар орын алған жоқ.
А.АСИЛОВА,
Шымкент қалалық №1 пробация қызметі бөлімі инспекторы, әділет аға лейтенанты.