Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарында бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлері де атқарылуда. Мұның ең басты мәселесі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандардың өмір салтын және мінез-құлқын бақылап, олардың тарапынан қайта қылмыс жасау әрекеттеріне жол бермеу.
Осыған орай пробация қызметі ішкі істер органдарымен бірлесіп заңнамаларға сәйкес қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандардың өмір салтын және мінез-құлқын бақылауда бір шама жұмыстар атқарып, сотталғандармен қайта қылмыс жасаудың алдын-алу іс-шаралары жүргізілуде.
Пробация қызметі есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталып, жазаны өтеу барысында өздерінің түзелгендерін дәлелдеп ҚР ҚК-нің 64-бабының 1-бөлігі және 72-бабының 1-бөлігі негізінде мерзімнен бұрын қылмыстық жазадан босатылғандар да, ал көрсетілген сотталғандармен қайта қылмыс жасау деректері де орын алып, бас бостандығынан айырылып отырғандар да бар.
Қоғамымызда тәртіптің билік етуі бір ауданда, бір облыста, бір елде тұрғанымыздықтан баршамызға мұндай мәселе ортақ болғай. Сондықтан мемлекеттік тәртіпті сақтау – бәрімізге ортақ міндет. Еліміздің игілігіне бағышталған заңдарды құрметтеп мәнді де сәнді өмір сүруге күш салайық. Өйткені бостандық – бәрінен қымбат.
А.ДЖУМАГУЛОВ,
Шымкент қалалық №1 Пробация
қызметі бөлімінің инспекторы,
әділет капитаны.