Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімі Жетісай АПБ-нің ЖПҚ УПИ полициясымен бірлесіп, республика аумағында «Пробация» атты профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Негізінде жоспар құрастырылып, пробация қызметі есебінде тұратын 202 қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазасын өтеуші тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайларын тексеруге арнайы кесте құрастырылды. Оарды тиісті деңгейде оның ішінде қайта қылмысқа бейім сотталғандарды тексеруге Түркістан облысы ҚАЖД басшылығы тарапынан барлық жағдайлары жасалған, яғни жазасын өтеушілерді тұрақты және жұмыс орындарын тексеруге автокөлік және жаңар-жағар майымен толық көлемінде қамтамасыз етіліп отыр.
Жедел профилактикалық іс-шарасы өткізу барысында жазасын өтеушілерді тұрғылықты мекен-жайы бойынша барлық тексерістер жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп тексеріліп, олармен қайта қылмыстың алдын-алу мақсатында профилактикалық сұхбаттасу жүргізіліп, соңында тексерістер зерделеніп, талдау жасалып, учаскелік полиция инспекторы тарапынан жазасын өтеушіге қатысты мінездеме және бірлескен анықтама толтырылады.
Іс-шараның өту барысында есепте тұрған жазасын өтеушілерді тұрғылықты жерінен тексере қоймай, оларды тұрақты жұмысқа бейімделу іс-шарасы да қолға алынды. Кейбір ауылдық округтерінде тексеріс барысында ауылдық әкімдермен кіші бірлескен профилактикалық кеңестер өткізілуі жоспарлануда.
Б.ОРАЗБЕКОВ,
Жетісай аудандық ПҚ
бөлімінің аға инспекторы
әділет капитаны .