Сотталғандармен қайта қылмыс жасаудың, қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың алдын алудың, өмір бағытын дұрыс таңдауына ықпал жасаудың маңызы ерекше.
Жазасын өтеп жүргендердің кейбіреулерінің психологиясынан ашу-ызаны, кек пен қаталдықты, өз тағдырына деген көңілі толысыз екенін байқауға болады. Осыған орай оларды ізгілендіру, алдын алу іс-шараларын жүргізуде психологиялық тәлім-тәрбие жасау олардың “қылмыскер” деп сақталып қалған ойын бұзуға көп мән береді.
Салауатты өмір бағытын таңдауға дайындау барысында сотталғандармен әлеуметтік-психологиялық ортаға бейімдеу тақырыбында жұмыстар жүргізіп, олармен еліміздегі әлеуметтік-саяси мәні бар әңгімелер өткізіп, көзқарастарын өзгертіп, өмірге деген құштарлығын оятып, талпынысын күшейту керек.
Елбасымыз қолдаған реформалар, Конституциялық өзгерістер, “Қазақстан 2030” стратегиялық бағдарламасынан бағыт алған ел өміріндегі маңызды мәселелер, экономикамыздың жылдан-жылға өсіп, қарқынды дамудың арқасында халықтың тұрмыс-тіршілігі жыл сайын жақсара түскені жайлы өрбіткен әңгімелер сотталғандардың санасын оятып, оның дұрыс жол таңдауда мықты әсер ететін бірден-бір құралы.
У.КЕРИМБЕКОВ,
Шымкент қалалық №1 Пробация
қызметі бөлімінің инспекторы,
әділет майоры.