2022 жылдың 3 айында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандармен қайталап жасаған қылмыстар саны 2021 жылдың 3 айына қарағанда едәуір өскені анықталып отыр. Мұның себебі көбіне әлеуметтік қорғалусыздығы, қоғамдық-пайдалы жұмыспен қамтылмауы, т.б. Әдеттегідей мұндай сотталғандар қайта қылмыс жасауы әбден мүмкін. Алайда, бұл қылмыстық жазадан босатылмайтыны бәрімізге мәлім.
Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталып, Қылмыстық-атқару инспекциясының есебінде жүре тұра, яғни қылмыстық жазаны өтемей немесе соттылығы алынбай қайта қылмыстық жазаға тартылуы ауырлататын мән-жайы ретінде есептеліп, орташа ауырлықтағы қасақана қылмыстың, ауыр немесе аса ауыр қылмыстың санаттарына қарай сот шартты түрде соттаудың күшін жойып, жаңа үкім бойынша тағайындалған жазаға үкімдердің жиынтығына қарай жазаның өтелмеген бөлігін ішінара немесе толық қосу арқылы жазаны тағайындайды.
Сондықтан да әрбір қайта жасалған қылмыстар үшін жауапкершілігі ауырлап, бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын есте сақтайық.
М.БИГЕЛОВ,
Шымкент қалалық №1 Пробация
қызметі бөлімінің инспекторы,
әділет капитаны.