Бүгінгі таңда елімізде және әлемде кез-келгнн қылмыстың салдарын жойғанша, оның алдын алған әлдеқайда тиімді. Сол мақсатта профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыс біздің есебімізде тұратын азаматтар үшінде тиімді әдіс саналады.
Сол үшін елімізде жыл сайын пробациялық есепте тұрғандар арасында қылмыстың алдын алу мақсатында арнайы профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Соның барысында олардың өздері көрсеткен мекен жайларда тұратыны немесе құжаттарында айтылған орындарында жұмыс істейтіні анықталады.
Былай қарағанда бұл қарапайым әдеттегі жұмыс секілді көрінгенмен, шыг мәнінде мұнда қаншама істер атқарылады. Соның барысында пробациялық есепте тұрғандардвң басқа да өзекті мәселелері де шешіледі. Мысалға әлеуметтік жағдайы төмен болса, шұғыл тегін медициналық көмектерге мұқтаж болса өз тарапымыздан жан-жақты көмектемесіз. Сондай- ақ, оларды тұрақты жұмысқа орналастыру қажет болса ол жағынан да көмектесуге тырысамыз.
Міне осындай жұмыстардың арқасында олардың арасында қайтара қылмыстар жасалуына жол берілмейді. Олардың түзу жолға түсіп, қоғамымыздың лайықты азаматы болуларына жағдайлар жасалынады.
Ғалымжан БАЙБАТША,
Жетсай аудандык пробация бөлім кызметкері, әділет лейтенанты.