Өтетін орны: Қарағанды қ.
Университетская көш 28
Уақыты: 17.03.2022 ж сағ.15.00
Қарағанды қаласында «Дармарка» экологиялық жәрмеңкесі өтеді.
Іс-шараны StopMusor әлеуметтік жобасы шеңберінде Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен серіктестікте ұйымдастырады.
Дармарка – бұл тегін жәрмеңке,онда қатысушылар енді пайдаланбайтын заттарды жақсы жағдайда алып келеді, ал оның орнына өздеріне ұнайтын нәрсені алады.
Дармаркаға қатысу үшін заттар 15-17 наурыз аралығында жұмыс күндері сағат 10:00-ден 18:30-ға дейін Қарағанды қаласы, Университет көшесі 28, Бөкетов атындағы ҚарМУ-да (координаттар: София +7 708 602 6026, Асыл +77473838301) қабылданады..
Дармарка жақсы заттардың жаңа иелерін тауып қана қоймайды, сонымен қатар жаңа тауарларды өндіруге, буып-түюге және жеткізуге бөлінетін ресурстар мен қаражат шығындарын азайтады. Бұл қоғам мен қоршаған ортаны саналы тұтыну мен тұрақты дамыту жолындағы қарапайым қадам.
«Stopmusor» жобасы Сізді таза ауа мен суды сақтауға өз үлесіңізді қосуға шақырады.
Қатысушыларға қойылатын талаптар: тапсырылатын барлық заттар таза және жақсы күйде болуы керек. Заттар, кітаптар, керек-жарақтар, балалар ойыншықтары қабылданады.
17 наурызда тілек білдірушілер заттарды күні бойы алмастыра алады.
Баспасөз хатшысы: Меруерт Абдалиева
Байланыс: +77784560999
Өтетін орны: Университетская көшесі 28
*StopMusor жобасы халықтың экологиялық сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды жауапкершілікпен шығару мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Жоба аясында www.stopmusor.kz арнайы сайты әзірленіп, іске қосылды, сонымен қатар жобаның https://instagram.com/stopmusorkz және https://www.facebook.com/stopmusorkz/ әлеуметтік желілердегі парақшаларына жазылуға болады. «StopMusor» әлеуметтік жобасын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС қаржылық қолдауымен Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы жүзеге асырып келеді.