Біздің қоғамға парақорлықтың қандай зиян келтіріп отырғаны белгілі. Ол сыбайлас жемқорлық қылмыстарының өте қауыпті түрі болып табылады. Оның қауіптілігі – парақорлық ниетпен жасалынатын қылмыстармен араласып қосыла жасалынуда.
Парақорлық, мемлееттік аппарат қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне бөгет жасайды және олардың беделін кетіруге, үкімет және атқару органдарының қызметінде әділдік қағидасын бұзуға әкеп соқтырады.
Ол көптеген қызметшілердің адал екеніне күмән туғызып, масқаралау арқылы сенімсіздік келтіріп қана қоймай, жалпы мемлекетке, конституциядағы азаматтардыңмұдделері мен құқықтарын шектеуге, заңдылық қағидаларының бұрмалануы мен Қазақстан Республикасының нарықтық реформаларының дұрыс жүргізілуін тежейді.
Парақорлық ұғымы үш қылмыс құрамымен түсіндіріледі. Пара алу (366-бап); Пара беру (367-бап); Парақорлыққа делдал болу (368- бап).
Мемлекеттік қызметке атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған болған адамның пайдасына жасаған іс әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке, құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу. Егъер мұндай іс-әрекет немесе әрекетсіздік лауазымды адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты қызметтік осындай іс-әрекетке немесе әрекетсіздікке мүмкіндік жасаса, сондай-ақ,жалпы қамқоршылығы немес қызметі бойынша жол берсе – ол заңға сәйкес, пара алу деп танылады.
Д.КУЛЖУМУРОВ,
Түркістан облысы бойынша ҚАЖД
Жетісай АПҚБ-нің аға инспекторы
әділет аға лейтенанты.