Біздің пробациялық есепте тұратын азаматтармен сұқбаттар жүргізгенімізде байқайтынымыз, олардың көпшілігінің құқықтық сауаттары төмен. Олар заңсыздыққа алып келетін қарапайым заттарды білмейтін болып шықты. Бірде бірде біреуі пара беру қалыпты құбылыс емкс пе еді деп таң қалды да. Ал екінші азамат кешке келе жатқанда ұрлықтың куәсі болған. Бірақ осы қылмыстық оқиға туралы тиісті орындарға айтуды жөн көрмей, өзі қалай жауапты болып қалғанын байқамай қалған. Өкінішке орай осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.
Яғни елімізде ғаламтор мен БАҚ-тар осы мәселе туралы жан-жвқты айтылса да азаматтарымыз әлі де бұл жайында бас қатырғылары келмейді. Себебі олардың түсінінше темір тордың ар жағына тек өзі емес, басқа біреулер түсетіндей сезімде болады.
Біздің мекеме қызметкерлері байқаусызда заңбұзушылыққа жол беріп қойған біздің есебімізге алынған азаматтарға жан-жаққа көмак беруге әзір. Олардың құқықтық сауаттарын жетілдіріп, келесі жолы ондай қателікке жол берілмеуіне жағдай жасаудамыз.
Ж.САРЫБАЕВ,
Жетісай АПҚБ-нің инспекторы,
әділет майоры.