ҚАТЕРЛІ ҚОҒАМДЫҚ ДЕРТ
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам, Қылмыс пен жаза
19/03/2022
27 Views
Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп мол қаражат және қоғамдық бәсекелестікте пайда болып тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіруде.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңда қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізгі-ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдардың сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, аброй мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Р.АЛИМОВ,
Жетісай аудандық пробация
қызметі бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны.
СЫбайлас жемқорлыққа жол жоқ 2022-03-19