Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен отандық журналистер ағаш отырғызу маусымын бастады
21 наурыз – Халықаралық орман күні! Жер құрсауы босап, табиғат-ана түлей басталған кез. Айтулы күнде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен отандық журналистер ағаш отырғызу маусымын алғашқылардың бірі болып бастады.
Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келген мереке қарсаңында Междуреченск орман тұқымбағының аумағында қырым қарағайы мен қайың ағаштары отырғызылды.
Сондай-ақ, шара барысында «Республикалық орман селекциялық-тұқым орталығының» қызметі таныстырылып, зертхана жұмыстары көрсетілді. Сонымен қатар, орман молықтыру шараларын онлайн қарауға мүмкіндік беретін интерактивті карта таныстырылды.
Баспасөз-туры барысында орман шаруашылығына байланысты атқарылған жұмыстар, брендтік жобалар жайында да ақпарат берілді.
ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі