«ЖЕР САҒАТЫ» ӨТЕДІ
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Қоғам, Экология
25/03/2022
21 Views
Елорданың көптеген нысандары «Жер сағаты» акциясы аясында сыртқы сәндік жарықтандыруды өшіреді. Жер шарындағы «Жер сағаты» атты ең ірі акция биыл 26 наурызда жергілікті уақыт бойынша 19:30 -20:30 аралығында өтеді.
Акцияның негізгі мақсаты-адамдардың назарын Жер шарының ресурстарына жауапты және ұқыпты қарауға аудару. Бұл дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) ғаламдық акциясы және де бұл табиғатқа ұқыпты қараудың, планетамыздың шектеулі ресурстарына қамқорлық жасаудың символы. Жыл сайын 180 елден миллиондаған адамдар бір сағатқа шамдар мен электр құрылғыларын өшіреді.
Әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері акцияға үн қосып жарықтандыруды өшіреді. Олардың ішінде: Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Колизей бар.
Қазақстанда да «Жер сағаты» акциясына қатысып келеді. Егер бұрын бұл науқанды тек ірі қалалар қолдаса, ал биыл үшінші жыл қатарынан еліміздің барлық өңірлері акцияға қосылды.
Акцияның ұйымдастырушылары: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің және «Mega silk way «СОО қолдауымен «Тұрақты даму» жер қоры, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да елордада нысандардың сыртқы сәндік жарығы өшіріледі.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын 26 наурызда сағат 19:30-дан бастап Mega silk way СОО-да өтетін офлайн іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Қатысушылар үшін викторина ұйымдастырылады. Ең белсенді қатысушылар «Stopmusor» әлеуметтік жобасының арнайы сыйлықтарына ие болады.
БАҚ аккредитациядан өту үшін Меруерт АБДАЛИЕВАҒА хабарласу керек.
Тел.:+77784560999
2022-03-25