Ұлттық ұланның сарбаздары ТЖМ-мен бірлесіп Ақтөбедегі су тасқыны салдарын жоюда
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Қоғам
02/04/2022
49 Views
Ақтөбе қаласының аумағында су тасқыны жағдайын жоюға 6655 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонынан 60 әскери қызметші жұмылдырылды.
Су тасқыны жағдайына байланысты, Ақтөбе облысы әкімінің шешімімен 31 наурыз күні сағат 20.00-ден бастап Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің аумағында жедел штаб құрылды.
Құтқару жұмыстарына Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің командирі полковник Мирас Тұрдалин 60 әскери қызметшіден тұратын жедел әскери резервтің құтқару жасағын, сондай-ақ екі арнайы құтқару техникасын бөлді.
«Негізгі күш-жігер төтенше жағдай ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылған. Ауданның жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, тұрғындарды эвакуациялау және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылды. Халыққа көмек қауіпсіздік шараларын толық сақтай отырып жүргізілуде», – дейді 2 жедел мақсаттағы батальоны 3 ротасының командирі капитан Н. Молдашев.
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері әрқашан көмекке келуге дайын. Өздерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес, олар табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысады.
Тез және тиімді әрекет ету арқылы құқықтық тәртіп әскерлері іс жүзінде адамдарға көмектесуге дайын екендіктерін дәлелдеді. Бұған Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының тұрғындары маусымдық су тасқыны кезінде, сондай-ақ Мақтаарал ауданының тұрғындары 2020 жылы су тасқынын жою кезінде көз жеткізді. Сонымен қатар, ұландықтар жыл сайын қатты аязда қалааралық жолдарда қалғандарды қар құрсауынан шығарады.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
2022-04-02