Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ақмола облысы, Зеренді ауданында «Sarap» эксперттік клубының аймақтық «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты отырысы өтті.
2 сәуір күні Ақмола облысы, Зеренді ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті.
Аймақтағы іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қадыров Данияр Рамазанұлы, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» КеАҚ Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Проректоры Байтоқ Ғалым Симбекұлы, «Қазақстандық қоғамдық даму институтының» КеАҚ Басқарма Төрағасы Майгельдинов Қазбек Өмірзақұлы, жергілікті белсенділер мен аудан тұрғындары қатысты.
«Sarap» эксперттік клубының отырысын Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қадыров Данияр Рамазанұлы ашты. Ол ел дамуының өзекті мәселелерін шешуге белсенді азаматтарды тарту мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның барлық кезеңдерінде мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісіне ҮЕҰ-ды тарту тетіктері жетілдірілетінін атап өтті.
«Бүгінгі «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысында Жолдауды ашығынан талқылауға жиналып отырмыз. Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарды жоққа шығармай, өткенімізге алғыс айтып, келешекте үлкен жұмыстар атқаруымыз тиіс. Бұл эксперттік клубтың басты мақсаты да осы, Қазақстанның жүйелі дамуына өз ұсыныстарымызды білдіріп, мәселелерді көтеру. Осыған дейін болған «Sarap» -тың отырыстарында көптеген ойлар айтылып, тұрарлық ұсыныстар түсті. Сондықтан да, Нұр-Сұлтан қаласының төңірегінде шектеліп қалмай, осыдан бастап аймақтарды аралап, клуб жұмысы өз жалғасын таппақ».
Өз кезегінде Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма Төрағасы Майгельдинов Қазбек Өмірзақұлы Президент Жолдауының негізгі аспектілерін атап өтіп, жаңа саяси реформалар саяси трансформацияның логикалық жалғасы болғанын атап өтті:
«16 наурыз күні Қ. Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Осы Жолдау аясында көтерілген мәселелерді бүгінгі отырыста талқылайтын боламыз.
Ұсынылған Президенттің өкілеттілігі туралы, өкілді билік тармағын қайта құру туралы, сайлау жүйесін жетілдіру бойынша, партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту мақсатындағы бастамалар Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді қоғамға айналдыратыны анық. 
Президент атап өткендей, саяси өзгерістер азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқару ісінен бастап, жалпыұлттық сипаттағы мәселелер бойынша барлық деңгейде шешім қабылдауды жалғастыруымыз қажет. Жолдаудағы өзекті мәселелердің бірі бұл Қоғамдық кеңестің жұмысы болып тұр. Жалпы Қоғамдық кеңестер не үшін құрылды деген секілді сұрақтар бар. Сонымен қатар, басты қойылған талап – саяси реформа.  Бұл жолдаудың жергілікті халыққа, белсенді азаматтарға, ҮЕҰ-ға, жалпыға тигізетін пайдасы неде? Бұдан шығатын нәтиже қандай деген сұрақтар туындайтыны анық.
Сондықтан да, бүгінгі отырысымызда өздеріңіздің ойларыңызды ашық білдіріп, шешімін табуы тиіс мәселелерді ортаға салуларыңызды сұраймын. Әрбіріміз өзіміздің дәрежемізде елдің дамуына үлес қоспасақ әлеуметтік-экономикалық өзгеріс енгізу мүмкін емес».
Жаңа Жолдауда қозғалған өзекті мәселелер бойынша «Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» КеАҚ Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Проректоры Байтоқ Ғалым Симбекұлы:
«Қазақстанның шығысындағы өңірге ұлы Абайдың есімі беріліп, Жетісудың әсем атауы Оңтүстіктегі жаңа өңірдің атауында көрініс тапты. Ал, ақындар жырлаған Ұлытау өңірі облысқа айналды….Ал Қызылжар ше? Қызылжар қайда?
1925 жылы Петропавлдағы орыс большевиктері бұл қаланың атын Қызылжар деп өзгерткенін білесіз бе?Императорлық, ал қазір Путиндік Ресей үшін орыс ұлылығының тірек символикасын жоғалту олардың мүдделеріне сай емес екенін түсінемін. Сондықтан орыстың басқыншылық саясатына қарсылық белгісі болған аты аңызға айналған Кенесары ханның басын қазақтарға бергісі келмейді. Ал Солтүстік Қазақстанның облыс орталығы – Қызылжарға бұрынғы атауының қайта оралуы Ұлы орыс империализмі үшін орасан зор идеологиялық, геосаяси, ең бастысы символдық жоғалту. Жарайды, Кремль осылай ойлайды, бірақ біз қазақтар тарихымызды қайтарғымыз келеді…», – деп пікірін білдірді.
Отырыс барысында Президент жолдауы біздің қоғамның ең өзекті және шұғыл мәселелерін шешуге бағытталған экономикалық, әлеуметтік және саяси шаралар кешені екендігі айтылды.
Айта кетейік, 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына кезектен тыс жолдау жасады, ол саяси реформалар бағдарламасын және бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды іске асыруға арналды.
«Біз жаңа Қазақстанда «Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» қағидатын берік ұстануға тиіспіз. Диалог пен мәміленің жоғары мәдениеті еліміздегі азаматтық ынтымақтастықты арттыратын басты фактордың біріне айналады», – деді Президент.
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ-тың
баспасөз қызметі.
https://kior.kz/

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...