Жобаның мақсаты – Елорданың мектептерінде қазақ тілінде білім алатын 5 сынып оқушыларының арасында экологиялық сана-сезім мен білімдерін көтеру, оларға Нөл қалдықтар (қоқыстар) қағидаларымен таныстыру, тұрмыста қолданылған қатты қалдықтарды бөлек жинау сияқты экологиялық мінез-құлықтарын қалыптастыру болып табылады. Жобаға №№ 90, 81, 87, 76, 74, 73, 86, 58, 56, 66 мектептері қатысады.
Бұл жоба қала өмірін жақсартуға, оны өмір сүру мен кәсіппен айналысу үшін таза әрі ыңғайлы ету үшін, азаматтардың сана-сезімін экологияландыру үшін, табиғатты ұқыптырақ қамқорлық көрсету үшін, тұрақты даму қағидаларымен және тұйық циклді экономикамен таныстыру үшін маңызы зор. Сонымен қатар, азаматтардың экологиялық сана-сезім мен білімді көтеру арқылы еліміздің жасыл экономикаға өтуге және жасыл технологияны қолдануға ықпал етеді деп күтіледі.
Жоба бірнеше кезеңнен тұрады:
-
Мектептер мұғалімдеріне қалдықтарды сұрыптау бойынша мастер-класстарды өткізу,
-
Мұғалімдердің оқушыларға шеберлік сабағын өткізу. Шеберлік сынып соңында сауалнама жүргізіледі.
-
Сәуірде 5 сынып оқушылар мен мектеп ұжымдарын қалдықтар іріктеуге үйрету мен әдеттендіру үшін мектептерге контейнерлер орнату.
-
Жобаға қатысатын мектептер арасында жарыс өткізу.
2022 жылы 5 cәуірден бастап оқушыларға сабақтары басталды. Мысалы, 8 сәуірде 15.00-17.00 арасында 73 лицей-мектепте осындай сабақтар өткізіледі. Қатысуға шақырамыз.
“Көк майса” жобасының мүшелері:
-
Жанар Кульжанова – жоба жетекшісі.
Экологияландыру мен бизнестің тұрақты даму бойынша консультанті (Seleu Consulting компаниясының маманы) мен экобелсенді. Мемлекеттік құрылымдарда мен мемлекет емес/үшінші секторында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар (ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстандағы шетел елшілер жұбайлардың қауымдастығы, Тунистегі шетел әйелдердің ұйымы).
(https://www.linkedin.com/in/zhanar-kulzhanova-889b8773/)
-
Мирас Аббас – әлеуметтік жеке кәсіпкер, экобелсенді, Ұлы Дала жобасы мен Биопакет кәсіпорынның директоры. Экология саласындағы ондаған жобаларды іске асырған. 2020 жылдағы ҚР Экология, геология мен табиғи ресурстар министрлігінің Экоелшісі. Ózgeris ustasy атты Бірінші Республикалық сыйлықтың иегері. Қазақстанның Экологиялық ұйымдардың қоғамдастықпен ұйымдастырған “Жасыл экономика көшбасшысы” атты сайыстың жүлдегері.
(https://www.instagram.com/ulydala_sp/)
-
Ләйла Әбдіманапова- Көп тілді білім беру саласының әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар магистрі, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің кіші ғылыми қызметкері, жобада волонтер.