ЕСІРТКІНІҢ ҚАУПІ МЕН ҚАТЕРІ
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам, Қылмыс пен жаза
15/04/2022
17 Views
Нашақорлық – мейрімсіздік пен қатыгездіктің, дінсіздіктің, барлық қылмыстың бастауы. Еліміздің экономикасы артқан сайын есірткіге қарсы күрес қарқынды жүргізілуде. Кәзіргі таңда бұл дертке шалдыққандардың басым көпшілігі – жастар. Осы қасыреттен талай жас ғұмырын азаппен өткізіп қана қоймай, көктей солып, жарқын өмірмен мезгілсіз қоштасуда. Бұл бүкіл қоғамымыздың қауіпі мен қасіреті болып табылады.
Оның дәмін татып, оның бір сәттік алдамшы ләззатына бой салып алдырып, оған тәуелді болып, Нашақор атанған адамдар ақыл – ой, сана – сезім, ар ождан, намыс, ұят секілді адами қасиетінен жұрдай болып, өзі түскен шыңыраудан шығатын күш-қайрат таба алмайды.
Есірткі қолдану барысында ағзаның барлық органдары мен жүйесі зақымданады, ашуланшақтық, ұятсыздық, бас аурулары пайда болады. Есірткісіз тұра алмай, есірткеге ақша табу үшін қылмыс әлемінің қара жолына қалай түскенін өздері де аңдамай қалады. Есірткіні қолданып тәуелді болу жолдары әрқилы, біреулер шетелдік кинолармен түнгі клубтарға, сауықханаларға барып бой алдырса, енді біреулер күнделікті әлеуметтік – тұрмыстық жағдайларының нашарлауын сылтау етіп, келесі біреулер өз ортасы мен отбасында орын алған келеңсіз жайттар мен келіспеушіліктен іштей күйзеліске түсіп, соны ұмыту үшін есірткіні пайдаланады.
Есірткіні бір рет пайдаланып дәмін татқан адам, оны міндетті түрде тағы да қолданады. Бара – бара тәуелді болып, қалай нашақор болғанын білмей де қалады.Оған тәуелділер тек өзі ғана емес, өзі түскен шыңырауға өзімен қоса тағы да бірнеше адамды қоса ала кететіндігі айдан анық, соны ұмытпаңыздар.
Д.КУЛЖУМУРОВ,
Түркістан облысы бойынша ҚАЖД, Жетісай АПҚБ-нің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты.
2022-04-15