Жаппай цифрландыру мен мемлекеттік қызметтер көрсетудің әдеттегі форматын онлайн-форматқа көшіру халық арасында ақпараттық қауіпсіздікті (АҚ) қамтамасыз ету мәселелеріне алаңдаушылықты жиірек тудыруда. Бұл шынымен күрделі процесс және мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының (МО АКИ) тұтастығын қамтамасыз ету үшін біздің еліміздің киберқауіпсіздігінің күн сайынғы сақшысы – «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ («МТҚ» АҚ) сарапшыларының тұтас командасы жұмыс істейді.
Осы материалда МО-дағы АҚ жай-күйі мен жалпы Интернеттің қазақстандық сегменті (Казнет) бойынша 2021 жылдағы кибершабуылдар жөніндегі ықшамдалған ақпарат, сондай-ақ 2022 жылғы I-тоқсандағы ақпарат көрініс тапты.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын (МО ИР) қорғау үшін ИҚБШ (Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі) жабдығы пайдаланылады. Қарапайым сөзбен айтқанда, ИҚБШ трафикті әртүрлі шабуылдардан тазартатын және олардың МО АКИ-ға әсер етуіне жол бермейтін ерекше фильтр болып табылады. Бүгінгі күні МО ИР 200-ден астамы ИҚБШ құралдарымен қорғаумен қамтамасыз етілген.
2021 жыл
Өткен жылы ИҚБШ пайдалана отырып, шамамен 82,3 млн. шабуыл бұғатталды, оның 1,4 млн. астамы МО ИР-ға бағытталған, соның ішінде 15 мыңнан артығы egov.kz-ке жасалған шабуылдарды құрады.
ИҚБШ арқылы жіберілетін деректерді жан-жақты сараптамалық талдау нәтижесінде біздің сарапшылар 114 мыңнан астам АҚ қатерлерін айқындап, оларды алдағы уақытта жою үшін интернет-ресурстардың иеленушілеріне/иелеріне 1 186 хабарлама жолданды.
Сонымен қатар, «электрондық үкімет» жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «МТҚ» АҚ түрақты негізде оларға мониторинг жүргізеді. Осылай, 2021 жылы 37 ақпараттындару объектісінде 4 326 осалдық анықталды.
Осалдықтар тұрғысынан зерттеу жөніндегі іс-шаралардың нәтижесінде 76 МО ИР-ның маңыздылық деңгейі әртүрлі 40 осалдығы айқындалып жойылды.
Бұдан басқа, 2021 жылы жаһандық Интернет желісінде DDoS-шабуылдар санының артуы салдарында Казнетте маңыздылық дәрежесі әртүрлі 120 мыңға жуық DDoS-шабуылдар тіркелді.
Оның ішінде маңыздылық деңгейі жоғары 109 шабуыл қаржы секторы ұйымдарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, 54 – МО, ал соның 34 – egov.kz көздеген. Қашықтықтан оқыту кезеңінде білім беру порталдарына жасалған 29 шабуыл тіркелді.
2022 жылдың I-тоқсаны
2022 жылғы I-тоқсанда ИҚБШ жабдығында қалыптан тыс белсенділік тіркелді. ИҚБШ жабдығына қосылған телекоммуникациялық желілерге жасалып, тойтарыс берілген шабуылдардың саны 28, 5 млн. астам АҚ оқиғасына жетті, мұнда оқиғалардың басым бөлігі аса маңызды АҚ қатерлері болып табылады.
Сарапшылар ИҚБШ деректерінің негізінде ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды қатерлерінің БЕСТІГІН белгіледі:
№ |
Ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің түрлері |
Тіркелген және бұғатталған қатерлердің саны |
1 |
Netcore.Netis.Devices.Hardcoded.Password.Security.Bypass |
4,522,671 |
2 |
AAEH.Botnet |
3,695,376 |
3 |
Zeroaccess.Botnet |
2,034,903 |
4 |
njRAT.Botnet |
1,811,393 |
5 |
Pushdo.Botnet |
1,322,058 |