АУДАНДА АЖЫРАСУШЫЛАР САНЫ АЗАЙҒАН
Posted by: Қалмұрат
in Жас буын, Қоғам, Руханият
17/04/2022
37 Views
Шардара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша биылғы жылдың басынан бері 673 актілік жазба тіркелген. Оның 456-сы туу туралы, 95-і қайтыс болу туралы, 117-сі неке қию туралы болса 4-і неке бұзу туралы жазбалар. Одан бөлек бір тұрғыннан аты-жөнін ауыстыру бойынша өтініш түскен.
«Ауданда өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда некеге тұрушылардың саны артып, ажырасу фактілері азайған. Бұл ауданның АХАТ саласы мамандарының ел ағаларымен, аудан жастарымен біргелікте жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесі. Аудандағы өнегелі отбасылармен басқосулар өткізіп, олардың үлгілі жанұялық өмірлерімен таныстырудың, солардан жастарымыздың ғибрат алуының жемісі» дейді Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Жоламан Тұрлыбеков.
Айта кетейік, өткен жылы аудандық АХАТ бөлімінде тіркелген 3 278 актілік жазбалардың 2 148-і туу туралы, 502-сі қайтыс болу туралы, 571-і неке қию туралы, ал, 33-і неке бұзу туралы болса, 16 тұрғын аты-жөнін ауыстырған.
Ауданда бөлім басшысының тапсырмасымен мерекелік күндерде некелескен жас жұбайлар мен дүниеге келген нәрестелерге салтанатты түрде куәлік тапсыру және сый-сияпат жасау жұмыстары да дұрыс жолға қойылған.
Бауыржан НАЙМАНОВ.
2022-04-17