ШАРДАРАДА 8 НЫСАН ҚАЙТА БЕЙІМДЕУДЕН ӨТЕДІ
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет, Денсаулық
17/04/2022
11 Views
Шардара ауданында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 458 мүмкіндігі шектеулі азамат міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіліп, жүріп-тұруы киын протез ортопедиялық бұйымдарды қажет ететін 70 жанға 42 құралға жолдама берілген.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бүгінде жалпы 3 185 мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген.
1341 азамат I-II топтағығылар болса, III топтағылар саны 1374 адамды құрайды. Одан бөлек, 470 мүгедек бала бар. І топтағы 64 жүріп-тұруы қиын кәмелет жасына толмаған мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жергілікті бюджеттен 54,5 млн теңгеге жеке көмекшілердің қызметі көрсетілсе, ымдау тілін қажет ететін II-III топтағы 32 балаға 2 ымдау тілі маманы қызмет көрсетіп келеді.
Сонымен қатар, санаториялық-курорттық ем қабылдауға бюджеттен қаралған 81,7 млн теңге қаржы есебінен 466 жолдама берілсе, 31 мүмкіндігі шектеулі азамат 50 тифлотехникалық, 26 мүмкіндігі шектеулі азамат 33 сурдотехникалық құралдармен қамтамсыз етілген.
«Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының тікелей қолдауымен «Инватакси» қызметін алуға жергілікті бюджеттін 25 млн теңге бөлініп, 163 мүмкіндігі шектуелі жандардың өтініштері қанағаттандырылса, олардың жеркін жүріп-тұркына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында әлеуметтік-инфрақұрылымдық 110 мемлекеттік және жекеменшік нысан бейімдеуден өткізілген.
Биылғы жылы 8 нысанды қайта бейімдеуден өткізуді жоспарлап отырмыз» дейді Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Орынша Қалшабекова.
Сала мамандары аудандағы жалғызілікті қарттарға 23 әлеуметтік қызметкердің үйде әлеуметтік көмек көрсетіндігін айтады. Бұл бағытқа биылғы жылға жергілікті қазынадан қаралған 61,1 млн теңгенің бірінші тоқсанда 15,1 млн теңгесі толықтай мақсатты игерілген.
Сондай-ақ, аудандағы 93 мүмкіндігі шектеулі балалардың үйде әлеуметтік алуына аудан бюджетінен 58,7 млн теңге бөлініп, үш айда 14,9 млн теңгеге қызмет көрсетілді. Ал, ВИЧ індетін жұқтырған 3 балаға әлеуметтік көмек ретінде жергілікті бюджеттен 2,6 млн теңге бөлініп, 650,4 мың теңге төленген.
Бауыржан НАЙМАНОВ.
2022-04-17