Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
«...ПАРЫЗЫН ӨТЕ, ОТАННЫҢ!» - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Жас буын » «…ПАРЫЗЫН ӨТЕ, ОТАННЫҢ!»

«…ПАРЫЗЫН ӨТЕ, ОТАННЫҢ!»

          ҰҚК Шекара қызметінің Техниканы және қару-жарақтарды жөндеу басқармасында әскер қатарына шақырылушылардың Ант қабылдау рәсімі өтті. Бүгінгі рәсімнің ерекшелігі сол, «Көктем-2022» шақырылымының шарасына жас сарбаздардың ата-ана, туғандары мен достары қатысып, қуаныштарымен бөлісті.

        Бұл – пандемияның беті қайтып, карантиндік шектеулер алынғаннан кейінгі бірінші өткізіліп отырған дәстүрлі шара. Сондықтан, Ант беру секілді ұлдарының өмірінде бір-ақ рет болатын атаулы мерекеге қатысу үшін алыстан ат арылтып жеткен ата-аналардың жүздерінен өлшеусіз қуаныш пен ерекше толқынысты байқамау мүмкін емес еді…
       Подполковник Е.Қырғызбаевтың бұйрығымен ашылған салтанатты шараға 80-нен астам сарбаз сап түзеді. Аталған басқарманың кәсіби-техникалық және дайындық бөлімінде әскери өмірдің алғашқы әліппесімен танысып, санаулы уақыттың ішінде өздерінің саптық дайындықтарын шыңдаған Отан оғландарын алда жас жауынгерлер курсы күтіп тұр. Әрі қарай, ел шебіне аттанып, ҰҚК Шекара қызметінің шекара бөлімшелерінде алған мамандықтары бойынша қызмет атқаратын болады. Мұнда дизельші-электрик, автодәнекерлеушілер даярланады.
         Еліміздің Әнұранымен ашылған салтанатты шараға әскери ұжымның Туы әкелінген соң Техниканы және қару-жарақтарды жөндеу басқармасының бастығы подполковник Ернат Қырғызбаев сап түзеген сарбаздарды бүгінгі төл мерекелерімен құттықтап, шекара мен ел шебінің еліміз үшін алар маңызына кең тоқталды.
        Бұдан кейін болашақ шекарашылардың Отанына ант беру рәсімі де басталды.
         Ант қабылдау рәсімінің соңы жиынға ұласып, алғашқы сөз кезегі ҰҚК Шекара қызметінің ардагері, бір кездері аталған басқарманы басқарған запастағы полковник Әлихан Артықбаевқа берілді. Саналы ғұмырын ел шебінің сызатсыздығына арнаған сардар шекараны қорғағалы тұрған жас буынның қадамына сәттілік тіледі. Мұнан кейін ата-аналар атынан сөз алған Орынтай Оспанова бүгін өзінің немересі Әлиханның да сарбаз атанғанын, шекарашы болуға өзі тілек білдіргенін мақтанышпен айтып, Отан қорғауға ант берушілерге аналық батасын берді.
        Жиын соңында ата-аналар басқарма басшылығымен кездесіп, өздерін толғантқан сауалдардың жауабын алды.
         Осылайша, араға екі жыл салып, өзінің дәстүрлі форматына қайта оралған рәсім – «Көктем-2022» шақырылымы үшін есте ерекше қаларлықтай өтті. Өйткені, Ант қабылдау – жас сарбаздардың ер-азамат атанып, Отан оғландарының қатарын толықтырғанын білдіреді.
Т. ДӘУЛЕТБАЕВА, журналист.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...