БҰЛ АЗАМАТТАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК ТЕ КӨРСЕТІЛЕДІ
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам, Қылмыс пен жаза
21/04/2022
118 Views
Еліміздің бас құжаты – Конституциямызда республикамыздың барлық азаматтары – жасына, дініне, тіліне, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамастан тең құқылы, яғни ҚР Заңдарының алдында барлықтарының құқықтары бірдей деп көрсетілген. Солардың ішінде пробациялық есепте тұратын азаматтар да бар.
Пробациялық есепте тұрған барлық азаматтар да еліміздің кез-келген тұрғыны секілді заң аясында белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмек ала алады. Оларға әсіресе берілетін психологиялық көмектің орны ерекше. Себебі, біздің тізімізде тіркеуде тұрған адамдарға олар өздері тап болған өмірдің уақытша қиыншылығынан алып шығуына мұндай көмектің берер орны ерекше. Мұндай психологиялық көмектің арқасында олардың ертеңгі күндерінің жарқын болатындықтарына сенімділіктері артады. Өз-өздеріне сенімдері оянған олар тез арада жұмыс тауып алатындарына немесе отбасыларын еркін асырауларына қажетті жеке кәсіпті ашып алып, еркін түрде істерін алға дөңгелете алады. Ал егер де бізде есепте тұратындардың көбісі отбасыларының басты асыраушылары екенін есепке алсақ, мұндай психологиялық көмектің қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады.
Пробациялық есепте тұрған азаматтар, қажет кезде психологиялық көмектен бөлек, заң аясында көрсетілетін басқа да медициналық көмектерді тегін және толық көлемде ала алады. Осылайша оларға мемлекетіміз қамқорлық жасауда.
Жандарбек САРЫБАЕВ,
Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы, әділет майоры.
2022-04-21