ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК БЕРУ ІСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам, Қылмыс пен жаза
26/04/2022
8 Views
Біздің елімізде түрмеден шыққандарға әлеуметтік-құқықтық көмек беру ісі барынша жолға қойылған. Осы орайда айта кетейік, әлеуметтік-құқықтық көмек, ол – пробацияның есебінде тұрған адамдарды әлеуметтендіруге бағытталған жеке бағдарламалар негізінде іске асырылатын шаралар кешені. Осы жылдың басынан бері еліміздің барлық өңірінде пробация қызметінің есебінде тұрған елу мыңнан аса сотталған адам әлеуеметтік-құқықтық көмектер алған көрінеді.
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудегі негізгі бағыттарға пробацияның есебінде тұрғандарды жұмысқа орналастыру, қажетті медициналық көмекпен қатар, амбулаториялық емдерді алуына, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психологиялық көмек беру және өзге де әлеуметтік-құқықтар жатады.
Азаматтардың қылмыстық сот төрелігіне түсуін азайту, қылмыстық жазалау шараларын азайту мақсатында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды кеңінен қолдану үшін жағдайлар жасалған, жаңа Қылмыстық кодексте бірқатар санкциялар жеңілдетіліп, сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату уақыттары азайтылды.
Арнаулы зерттеулекр көрсеткендей, көбіне сотталғандардың әлеуметтік бағыттан алшақтауынан, яғни тұрмыстық проблемаларының дұрыс жолға қойылмағандығынан қайта қылмыс жасау орын алады екен. Сол себепті де бүгінде пробациялық есепте тұрғандың әлеуметтік жағдайларын оңалту мәселелеріне ерекше мән берілуде.
Р.АЛИМОВ,
Жетсай аудандық ПҚ бөлімінің әділет капитаны.
Жетісай ауданы Пробация 2022-04-26