ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНАН ІНДЕТ ОШАҒЫ АНЫҚТАЛДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Билік, Денсаулық, Маман кеңесі
26/04/2022
36 Views
Қызылорда облысында Конго-қырым қанды безгегінің ошағы шығуы мүмкін деген 116 елді мекен анықталғандығы жөнінде Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
Департамент мәліметінше биылғы жылы өңірде 116 елді мекенде қауіптің болу ықтималдығы жоғары екендігін, аудандар бойынша Аралда – 25, Жаңақорғанда – 19, Шиеліде – 16, Қазалыда – 14 елді мекендерде және өзгеде аудандарда тіркелген.
Қауіптің алдын алу мақсатында елді мекендерді залалсыздандыру іс-шараларына жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылғандығын және қолайсыз деп танылмаған мекендердің тұрғындары залалсыздандыру жұмыстарын өз қаражаттарына жүргізетіндіктерін басты назарға алып, мәлімдеме жасады. Мәлімдеме бойынша 3 арнайы жұмысшы топ құрылып, 239 елді мекенде зоологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, жұмыс барысында 5154 дана кене жиналып, 503 сынама жасалған.
Нәтижесінде жануарлардан және далалық жерден жиналған кенелердің тек 7 сынамасынан оң нәтиже анықталды, бұл жай бір жағынан жақсы жаңалық болып көрінгенімен шындығында қауіп-қатердің бар екендігінен белгі беріп отыр.
Ақбота ОРЫНБАЙ,
Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББ 11 «А» сынып оқушысы,
Тасқала ауданы, Орал қаласы.
кене Қызылорда облысы СЭС 2022-04-26