Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚҰПИЯҒА ТОЛЫ ТҮРКИЯ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлемде » ҚҰПИЯҒА ТОЛЫ ТҮРКИЯ

ҚҰПИЯҒА ТОЛЫ ТҮРКИЯ

       Биылғы жылы сәуірдің 27-сі мен мамырдың 1-і аралығында талдықорғандық әріптес Айман Асылбекова екеуімізге тарихы терең, қойнауы құпияға толы Түркияға сапар шегудің сәті түсті.
        Қазақстандағы Түркітілдес журналистер қоры мен оның басшысы Нәзия Жоямергенқызының тікелей қолдауы арқасында сапардың барлық шығынын ұйымдастырушылар көтерді. Осындай мүмкіндіктің арқасында ел аралап, жер көрдік. Жақсы адамдармен танысып, сапарлас болдық.
        Бұл сапарға көрші Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Косово, Македония елдерінен дәл біз сияқты ондаған журналист шақырылған екен. Ұйымдастырушылар 5 күндік сапардың әр минутын бағалап, өте тығыз жоспар құрыпты.
       Алғашқы сапарымыз Диярбакыр қаласының Диджле университетінде «Шығыстың үш жұлдызы атты» кіптаптың тұсаукесеріне қатысудан басталды. Кітапқа күрт, араб, түрік ақындарының өлеңдер жинағы енген. «Шығыстың үш жұлдызы» атанған күрд әдебиетінің белді өкілі молда Ахмед-и-Джезери, Факи-ий Тейран және Ахмед-и Ханидың туындылары кітап болып басылып шыққан.

       Өз заманының ойшылы саналған тұлғалардың шығармаларының жас ұрпаққа берер тәлімі мол. Арада қанша ғасыр уақыт өтседе әлі күнге маңызын жоймаған. Ақындардың шығармашылығын зерттеген ғалымдар тек тарихи жазбаларымен шектеліп кітап шығарып қана қоймай, сонау 16-шы ғасырдағы өлең шумақтарынан елдің болмысын, тыныс-тіршілігін танып, тарихи фильмде түсіріпті. Ғалымдар ақындардың шығармалары әлі де талай кітапқа арқау болады дейді. Айтпақшы, ауқымды жұмысқа атсалысқан Диджле университеті 1966 жылы ашылған. Түркияның 30 үздік университеттері қатарына енеді. Білім ордасында 33 мың студент білім алады екен.
       Жиынға Түркияның мәдениет және спорт министрі, университет ректоры, профессорлар, жергілікті журналистер қатысты. Шарадан соң Туризм және Мәдениет министрінің орынбасары Ахмет Мисбах Демирхан мен Диярбакыр қаласының губернаторы Мунир Каралоглу журналистермен арнайы кездесті. Елдеріне сапарлап келген шет елдік журналистердің сұрақтарына жауап берді.
        Бұдан кейін сапарымыз құрылысы сонау 349 жылы басталған Диярбакыр қорғанында жалғасты. Бұл үлкендегі жағынан әлемдегі Ұлы Қытай қорғанынан кейінгі екінші қорған саналады екен. Ұзындығы 15 км, ені 3-5 м, ал биіктігі 10-12 м құрайды. Жаугершілік заманда қаланы жаудан қорғау үшін cоғылған қорғанның 82 мұнарасы, 4 қақпасы болған. Қорғанның құрылысына жаңбыр мен қарға төзімді базальт тасы мен цемент қолданылған. Содан да болар бұл қорған қазіргі заманға жетіп, Диярбакыр қаласының басты көзірі болып табылады.
      Тарихи жәдігер бүгінде ЮНЕСКО-ның қорғауында. Ұйымдастырушылардың  айтуынша дәл осы қорғанды өз көздерімен көру үшін жыл сайын 1 млн. турист келеді екен.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...