Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҮКІЛЕГЕН ҮМІТТЕРІМІЗ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ҮКІЛЕГЕН ҮМІТТЕРІМІЗ

ҮКІЛЕГЕН ҮМІТТЕРІМІЗ

         Ағымдағы жылдың 18 тамызында қабырғасының қаланғанына 30 жыл толатын ҰҚК Шекара қызметінің төл мерекесіне дайындық толассыз жүріп жатыр. Шекара аймақтарында сенбіліктер өтіп, ағаш егу акциялары жалғасуда. Үстіміздегі жылдың басынан бері қарай қолға алынған әрбір шара, жетістіктер мен жеңістер – шекарашылардың төл мерекесін ұлықтай түседі.

        Бүгін ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінде «Қасиетті шекара күзетінде» әскери патриоттық әндер фестивалінің негізгі іріктеу кезеңі аяқталып, жеңіске жеткендер елордамызд өтетін мерекелік шараға қатысып, бақтарын сынауға жолдама алды. Сосын да іріктеу – өнерпаздар үшін оңайға соққан жоқ. Әділқазылар алқасының қатал сынынан өту үшін көп тер төгулеріне тура келді.
         …Алматы облысы бойынша департаментінің тәлімгерлері ұйымдастырған аталған байқаудың екінші іріктеуі Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының клубында өтті. Әділқазылар құрамына кірген майорлар Балжан Мадраимова және Салтанат Биғабылова әр қатысушының көрсеткен өнерін сарапқа салып, әділ бағасын берді. Лайықты бағасын беру керек, алдымен шекара басқармаларындағы қатал сыннан өтіп барып, оңтүстік астанамызға жолға шыққан он бір үміткердің екпіндері тау жығарлық. Қаласа, өздерін Алатаудың шыңынан көруге бар өнерпаздарымыздың сахна төріндегі өнеріне біз де тәнті болып, қол соқтық.
          Ауғанстандағы біздің батырларымыз туралы патриоттық ән, ҰҚК Шекара қызметін халыққа танымал еткен «Жасыл күнқағар», шекарашының қолындағы домбырасында бебеу қаққан «Адай» күйі мұндай болмашы қателіктердің тігісін жауып, білдірмей жібергендей болды…
         Осылайша, «вокалдық, вокалды-аспаптық», аспаптық және авторлық шығармалар номинациялар бойынша өздерінің шығармашылық мүмкіншіліктерін көрсеткен шекарашылар әріптестеріміздің арасынан үш жеңімпаз анықталды. Бұл – кіші сержант А.Сәді, қатардағы жауынгерлер А.Бейсен, А.Смағұлдар. Айтпақшы, «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының намысын қорғаған қатардағы жауынгер Айдар Бейсен өзінің өлеңін оқып, көпшілікті тәнті еткен дара шекарашы атанды. Өзінің Отан алдындағы азаматтық борышын ҰҚК Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Зайсан ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Қасым Қайсенов атындағы шекара бөлімшесінде өтеген ол өзінің жырына ел шебінің ерекшеліктерін қосқан…
     Екі мыңыншы жылдардан бері өтіп келе жатқан «Қасиетті шекара күзетінде» әскери патриоттық әндер фестивалі биыл да шекарашыларды ұлықтайтын болады. Ұлықтайтын да өзіміздің бойларына талант қонған дарынды шекарашыларымыз. Ендеше, шешуші кезеңге алған жолдамаларың сендерді жеңіске жеткізіп, мерейлеріңді үстем еткей! Тек қана алға!
Шаттық ҚУАНЫШБЕК.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...

PEOPLE AND PLACES, SHOPS

Learning objectives(s) that this ...

САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту ...

НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ!

       Біздің ...